+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Юниорлардың IJSO халықаралық ғылыми-жаратылыстану олимпиадасына қатысу туралы
12 Жел, 04:25

Нидерландты Еуропаның солтүстік гүлі деп атайды. Дәл осында, осы мемлекетте 2017 жылдың 5-12 желтоқсаны аралығында жылсайынғы юниорлардың IJSO халықаралық ғылыми-жаратылыстану олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға қатысушы оқушылар – әлемнің түрлі елдерінің өкілдері.

IJSO олимпиадасы аса қиын болып саналады, өйткені балалар үш ғылыми-жаратылыстану пәндерінен (физика, химия және биология) жоғары нәтиже көрсете алатындай әмбебап болулары қажет.

Тестілеу, теориялық және эксперименттік айналым сияқты олимпиаданың сынақтары бірнеше күн бойы өткізілді. Тестілеу айналымы кезінде балалар           30 сұраққа жауап іздесе, ал теориялықта пәндер бойынша есептер шығарды. Ең қызықты және танымдысы ол балалар тәжірибелер өткізген эксперименттік айналым болды.

Қазақстанның ұлттық құрамасы жылсайын халықаралық олимпиадаларға қатысып, жақсы нәтижелер көрсетуде.

Юниорлардың халықаралық олимпиадасына біздің еліміздің ұлттық құрамасында қатысқан, IJSOқола медалін жеңіп алған Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы – Көпенов Нұрлыхан болды. Біз оны мақтаныш етеміз! Болашақта табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!