2017 жылғы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының командасы информатикадан IХ Еуразиялық олимпиадаға қатысты. Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан келген 200-ден астам әріптес-елдердің қатысушылары Алматы қаласындағы Әл-Фараби ат. қазақ ұлттық университетінің интернет-орталығында өткен олимпиаданың қорытынды кезеңіне шақырылды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу, ақпараттық технологиялар саласындағы ең талантты жастарды анықтау.
Олимпиада екі айналымда өтті – іріктеу және қорытынды. 2017 жылғы 5 қарашада өткен іріктеу интернет-айналымының қорытындысы бойынша қорытынды кезеңге ШҚО-дан 8 оқушы шақырылды.
Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы – Ернат Бекзат, 10 сынып оқушылары - Еркимбеков Алишер, Ботаканов Торежан, Ботбаев Дарын, 9 сынып оқушысы – Байболов Темирлан олимпиадаға лайықты түрде қатысып, қола медаль иегерлері атанды.
Команда жетекшісі, информатика пәні мұғалімі Бекеш Сейфуллаұлына зор алғысымызды білдіреміз.
Қатысушыларды құттықтаймыз және алда жеңістер тілейміз!
