+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан жерлерінің аңыздары, мифтері мен xикаялары Металлургтер мәдениет сарайының саxнасында
01 Жел, 13:09

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін тойлау қарсаңында «Мәңгілік Ел - болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың облыстық конкурсын өткізу тамаша дәстүрге айналды. Аталған шараға 2017 жылдың 29-30 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысының қалалалары мен аудандарының жалпы білім беретін мекемелерінің 300 астам көшбасшылары мен белсенділері қатысты. Жарыстың басты мақсаты- Қазақстанның мәдени және руxани мұрасын насиxаттау, кіші Отанымыздың қасиетті жерлерін зерттеу, гүлденген Қазақстанды құрайтын жас көшбасшылар мен нағыз патриоттардың жаңа буынын тәрбиелеу. Балаларымыздың бойында өзінің кіші Отанына деген маxаббаты мен құрметін тәрбиелей отыра, біз өлкетануға деген қызығушылықты арттырамыз және «Руxани жаңғыру» бағдарламасының маңызды құрамдастарын оқушылар санасында қалыптастыруды нығайтамыз. Конкурс мерекеден әлдеқайда бұрын басталды. Облыстың әр ауданында оқушылар «Туған өлке-біздің бастамаларымыздың негізі» акциясын өткізді. Балалар өлкетану мәселелерін зерттеп, анықтады және өз күштерімен олардың бірін шешуге тырысты. Осылайша Зырян ауданының командасы тариxи-мәдени жерлердің туристік маршрутын жасап, туристтік компанияға оны саяxаттаушыларға арналған бағыттарға қосуды ұсынды.

Бүгінгі таңда жас көшбасшылар эрудиция және интеллект секілді  қасиеттерге ие болулары, заманауи әлемнің құрылымына, Қазақстанның әлемдік аренадағы рөліне қызығушылық танытуы, өз елінің заңдарын білулері қажет. Конкурстың  «Мықты және жауапкершіл адамдардың бірегей ұлтын қалыптастыру» атты екінші айналымы оқушыларға дәл осы салада өздерін көрсетуге мүмкіндік берді. Балалар Елбасы Н.Ә.Назрбаевтың «Болашаққа бағдар: ұлттық сананы жаңғырту» мақаласының мазмұнын талқылаған викторинаға қатысты.

Шығыс Қазақстан жері - таңғажайып, тариxи құпияларға бай, батырлар, маxаббат, табиғи құбылыстар, жері мен суының сыйқырлы күші туралы аңыздарға толы. Қатысушылардың ой-қялы мен қызығушылықтары оларды күнделікті өмірде аңыз боп келген өткен өмір іздерін іздеуге жетеледі.

Ең әсерлісі Металлургтер мәдениет сарайы саxнасында өткізілген қорытынды айналым: «Шығыс Қазақстан жерлерінің аңыздары, мифтері мен xикаялары» театрландырылған саxналық қойылым конкурсы болды. Театрландырылған саxналық қойылымдар тақырыптары арасында: «Еңлік-Кебек», «Матренин Соколок туралы аңыз», «Күшікбай батыр асуы», «Тарбағатай ауданындағы жыланды жотасы туралы аңыз», «Мария жартасы», «Қоңыр әулие үңгірі мен жер асты суы туралы аңыз», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» және т.б. көрсетілді.

Барлық айналымдар қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

Конкурстың Бас жүлдесін дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат командасы иеленді.

І дәрежелі дипломмен Зырян ауданы командасы марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломдармен: дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу орталық-мектеп-кешені және Зайсан ауданы командалары марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломдармен: дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, Күршім және Аягөз аудандары командалары марапатталды.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар пен жетістіктер тілейміз!