2011 жылдың 14 қазанында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы «Оқушыларды ғылыми жарыстарға дайындаудың сапасын арттыру» тақырыбында облыстық семинар өткізеді.
Облыстық семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорларының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, шығармашыл ұстаздар қатыса алады.
Семинар қазақ және орыс тілдерінде және әр топта өтеді. Семинарға аудан/қала білім бөлімдерінен 4 қатысушы (2 - қазақ тобына, 2 - орыс тобына), 1 адам – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мекемесінен шақырылады.
Семинар «Алтай» ғылыми - технологиялық паркінің базасында келесі мекен - жайда өтеді: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 37.
Басталуы - сағат 9.30-да. Қатысушыларды тіркеу - сағат 09.00-де.
Іссапар шығындары бағыттаушы білім мекемелерінің есебінен өтеледі.
Семинарға қатысуға өтінімді келесі үлгіде 2011 жылдың 10 қазанына дейін 8(7232)75-77-19, 75-84-59 факстеріне жіберу қажет:
|
Аты, жөні, тегі (толық) |
Аудан/қала (мектеп) |
Жұмыс орны |
Лауазымы |
Топ тілі |
|
|
|
|
|
|