+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Білім беру бағдарламасы мазмұнын жаңарту аясында дарындылықты дамыту: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» республикалық ғылыми-практикалық семинар-кеңес Астана қ, 2017 жылғы 16-17 қараша.
17 Қар, 06:33

2017 жылдың 16 қарашасында сағат 10.00-де Астана қаласында«Білім беру бағдарламасы мазмұнын жаңарту аясында дарындылықты дамыту: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» республикалық ғылыми-практикалық семинар-кеңесі өз жұмысын бастады.

Семинарға облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының өкілдері, өңірлік «Дарын» орталықтарының, республикалық білім беру мекемелерінің директорлары, дарынды балалармен жұмыс бойынша үйлестірушілер қатысты.

Шараны республикалық және өңірлік «Дарын» орталықтарының жұмыстарын қорытындылаған, халықаралық, республикалық олимпиадалар мен жалпы білім беретін пәндерден ғылыми жобалар конкурстарының 2017 жыл бойынша ақпараттық-аналитикалық материалдарын ұсынған, дарынды балалармен жұмыстың мәселелері мен перспективаларын анықтаған ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры Шолпан Акашевна Кирабаеваның баяндамасы ашты.

Семинар бағдарламасына Астана, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Тараз қалаларының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінің директорлары мен мұғалімдерінің баяндамалары енгізілді. Шығыс Қазақстандағы тұңғыш IT-мектеп перспективалық жобасын жасау және енгізу тәжірибесімен Өскемен қ., облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің директоры И.Е. Трунова бөлісті. Өзінің «IТ мектебі – оқушы дарындылығын дамыту бағыты ретінде» баяндамасында Ирина Евгеньевна оқушыларды талдауға, білімді алгоритмдеуга үйрететін, оқу мотивациясының дәрежесін айтарлықтай арттыратын, табиғаттың заңдылықтарын және заманауи техниканың мүмкіндіктерін тануға қызығушылық дамытатын жаңа интеграциялық курстарды енгізу, баланың 5-8 жастан бастап әлеуеттік мүмкіндіктерін дамытуға үлес қосатынын атап өтті. Ұсынылған жоба тексеруден сәтті өтіп, 2016 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының 18 мектебінде «Дарынды мектеп» Кешенді жоспарының (Шығыс Қазақстан облысы маслихатының VI жиналысының кезекті V сессиясының 2016 жылғы 14 шілдедегі шешімімен бекітілген) аясында жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, семинарда педагогика ғылымдарының докторы, РФ жалпы білім берудің Құрметті қызметкері, Жалпыресейлік «Лидер в образовании» конкурсының Абсолютті жеңімпазы, Мәскеу қаласы мэриясының білім беру саласындағы сыйлығының Лауреаты, жетекші ресейлік ғалым Круглова Лариса Юрьевнаның лекциялары мен шеберлік кластары өткізілуде.