2017 жылдың 25 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.
Шараның өткізілу мақсаты – ғылыми ізденіс жұмыстарына тарту жолымен оқушылардыңғылыми-зерттеу, зияткерлік шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын дамыту, дарынды балаларды анықтау, оқушыларды республикалық және халықаралық конкурстарға қатысуға іріктеу мен дайындау үшін қажетті жағдайлар жасау.
Бұл байқау нағыз, құнды ғылыми жобаларды ашуға қабілетті, өзінің зияткерлік және мәдени деңгейін жетілдіруге қызығушылық танытатын жас ғалымдарды біріктіреді.
Конкурс 16 бағыт: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылымдар, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, құқықтану, өлкетану, әдебиет, этномәдинеттану және тіл білімі бойынша өткізіледі.
Осыған орай, Өскемен қаласы, Комсомол көшесі, 43/1 мекенжайында (№47 орта мектебі) сағ. 09.00-де басталатын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне БАҚ өкілдерін шақырамыз.
Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қ., Абай даңғылы, 21 – «Дарын» ШҚ ӨҒПО. Тел.: 8/7232/ 55-20-12, 70-02-44.