«Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігін жүзеге асыру, Қазақстанның мәдени және рухани мұрасын насихаттау, біздің кіші Отанымыздың киелі жерлерін зерттеу аясында 30 қарашада Өскемен қаласында Металлургтер мәдениет сарайында «Шығыс Қазақстан жерлерінің аңыздары, мифтері мен хикаялары» сахналық театрландырылған қойылым конкурсы өтеді. Конкурс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орайластырылған.
Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының жалпы білім беру мекемелерінің талантты да, дарынды оқушылардың 16 командасы шығармашылық жекпе-жекке қатысады. Сахналық театрландырылған қойылым тақырыптарының арасында «Еңлік-Кебек», «Матренин соколок туралы аңыз», «Күшікбай батыр асуы», «Тарбағатай ауданындағы Жыланды жота туралы аңыз», «Мария құзы», «Жер асты Қоңыр-Әулие өзені және үңгірі туралы аңыз», «Қозы Көрпеш –
Баян сұлу» және т.б. ұсынылады.
Конкурсты Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы өткізеді. Ұйымдастырушылар өздерінің алдарына қойған аса маңызды мақсат – өзіндік ұлттық санасы, ұлттық, патриоттық рухы, тарихи санасы мен әлеуметтік жадысы жоғары деңгейдегі қоғамның белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу.
«Туған өлке – біздің бастамаларымыздың негізі» акциясын, «Мықты және жауапкершіл бірегей Ұлт қалыптастыру» викторинасын және суреттер конкурсын өткізуді қамтитын сахналық театрландырылған қойылымды көрсету белсенділер мен көшбасшылардың «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» аймақтық конкурсының үшінші айналымының құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазылар алқасы құрамына атқарушы билік органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның өкілдері енеді.
«Мәңгілік Ел» негізгі құндылықтарын дамытуды насихаттауға, Қазақстан халқының қызығушылықтарының ортақтастығы мен тарихи өміріне қызығушылық танытатын БАҚ өкілдерін 2017 жылдың 30 қарашасы, сағ. 09.00-де Тәуелсіздік даңғ., 68 (Металлургтер мәдениет сарайы) мекенжайы бойынша шақырамыз.
Конкурсты өткізу туралы ереже http://shygysdaryn.kz/blogs/view/2/1074 сілтемесінде.
Қосымша ақпаратты Өскемен қ., Абай даңғылы, 21 – «Дарын» ШҚ ӨҒПО мекенжай бойынша алуға болады. Тел.: 8/747/682-81-51, 8/7232/ 55-20-12, 70-02-44.