+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Ағылшын тілінен «British Bulldog» халықаралық ойын байқауын өткізу туралы
15 Қар, 09:05

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылы 13 желтоқсанда жалпы білім беретін білім мекемелерінің 3-11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен «British Bulldog» халықаралық ойын байқауы өткізілетінін назарларыңызға салады.

Байқау тапсырмаларын қатысушылар мектепте сабақ уақытында орындайды (75 минут). Байқауға оқушылар 4 жас ерекшеліктері бойынша қатыса алады (3-4, 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар), тапсырмалар тіл қызметінің әр түріне байланысты сұрақтардан тұрады (грамматика, лексика ережелерін білу, мәтіндерді оқу мен түсіну, ауызша түсіну). Алғашқы 10 сұрақ – тыңдау тапсырмалары.

Байқауға қатысу ерікті түрде, ақылы 500 теңге көлеміндегі ұйымдастыру жарнасы ата-аналардың немесе демеушілерді тарту есебінен келесі деректемелер бойынша жүргізіледі:

«Дарын» РҒПО РМҚК   СТН 600900131236  
БИН  990240007434     
ИИК (IBAN) KZ 566010111000021443        
БИК HSBKKZKX
«Қазақстан Халық банкі»  Астана қаласы      
КБЕ 16
КНП 861
«British Bulldog» ойын байқауы.

Ақша төленген түбіртекте міндетті түрде қатысатын Байқаудың аты жазылуы тиіс.

Үйлестірушілер конкурсқа қатысушылардың сандық тапсырысын, тізімдері мен төлемақы түбіртегінің көшірмесін (орталықтандырылған түрде) 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейін vk_daryn@mail.ruэлектронды мекенжайына («Дарын» ШҚ ӨҒПО) жіберуі қажет.

Өтінім үлгісі:

Қала/аудан

Мектеп атауы,

үйлестірушінің байланыс телефоны

Соның ішінде сыныптар бойынша

Барлығы

3-4

5-6

7-8

9-11

 

 

 

 

 

EXCEL форматындағы тізім үлгісі:

Қатысушының

аты-жөні (толығымен)

Сыныбы

Мектеп коды

Мектебі

Қала,

аудан

1

2

3

4

5

6

 

*Ескерту: тапсырмалар пакетін алатын кезде өзімен бірге флэш-карта болуы қажет.