+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық Президенттік олимпиаданың қорытындысы
13 Қар, 09:33

2017 жылдың 7-10 қарашасы аралығында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жемісті еңбек қызметі басталған Теміртау қаласында математика, физика, химия, биологиядан Х мерейтойлық Призеденттік олимпиада өтті.

Елбасының тапсырмасымен өткізілетін олимпиаданың басты идеясы – мықты, зияткер, жоғары білімді қазақстандық оқушылардың патриоттық рухын тәрбиелеу жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдеп оқу.   

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің базасында олимпиада іріктеудің қиын кезеңдерінен өткен 160 астам дарынды оқушыларды жинады.

Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы қорытынды кезеңде 2 күміс және 2 қола медаль ұтып алып, керемет нәтиже көрсетті. Арнурошидов Диас –  Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаттың оқушысы, Давыдова Ксения – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдіңоқушысы (2 орын), Смагулов Алишер – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының оқушысы, Алиаскарова Айнур – Күршім ауданы, №1 орта мектептің оқушысы (3 орын). Жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдерге алғыс білдіреміз.


Балаларды және олардың ата-аналарын жетістіктерімен құттықтаймыз!