«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру ортылығының 20 жылдығын тойлау аясында 2017 жылдың 8-10 қарашасы аралығында Алматы қаласында 7-9 сынып оқушылары арасында өзін-өзі танудан республикалық олимпиада өтті.
Осы жылы олимпиада балалардың шығармашылық әлеуеті мен бастамаларын жандандыруға бағытталған жоба қорғау форматында өткізілді.
Облыстық кезеңнен өткен біздің үш жеңімпаз «Табиғат» тақырыбында әлеуметтік жоба қорғады. Қазылар алқасына шығармашылық жұмысты көрсете отыра, олар тек бүкіл әлемнің махаббаты мен мейірімділігі табиғатты алғашқы қалпында сақтай алатындығын баяндады.
Шығармашылық қабілеттерінің, өз ойлары мен сезімдерін терең және еркін білдіру бейімділігінің, сонымен қатар, жақсы дайындықтың арқасында Алдрахимова Мадина – Семей қаласы, №6 гимназияның 9 сынып оқушысы, Бегунова Лия – Шемонаиха ауданы, Д. М. Карбышев атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы және Мурат Дина – Үржар ауданы, Науалы орта мектебінің 8 сынып оқушысы үшінші жүлделі орынды иеленді.
Олимпиаданың жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдерге алғыс білдіреміз.
Жүлдегерлерді, олардың ата-аналарын марапатпен құттықтаймыз!