+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепшілік/қалалық /аудандық кезеңін өткізу бойынша ақпарат
09 Қар, 12:10

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, республикалық олимпиадаларға оқушыларды іріктеп, дайындау мақсатымен  жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалықолимпиада өткізілетінін (бұдан әрі – Олимпиада) хабарлайды.

Олимпиада «Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Құқықтану», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі», «Қазақ тілі және әдебиеті», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі», «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Француз тілі», «Неміс тілі» пәндері бойынша өткізіледі.

«Орыс мектептеріндегі қазақ тілі» пәнінен қазақтан өзге ұлт өкілдері қатысады. Олимпиаданы өткізу ережесі www.shygysdaryn.kz сайтында орналасқан.

Осыған орай, қалалық (аудандық) білім беру бөлімдерінің басшылары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорлары:

1)   2017 жылғы 1 желтоқсанына дейін олимпиаданың мектепішілік кезеңін;

2)   2017 жылғы желтоқсан айының 1 оңкүндігінде олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңін өткізулері қажет.

Аудандық/қалалық кезеңдерді өткізу туралы ақпарат қосымша беріледі.

Ағымдағы жылдың 27 қарашасына дейін аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің басшыларынаолимпиаданың аудандық кезеңінің өтетін орны туралы ақпаратты, үйлестірушінің аты-жөнін, үйлестірушінің электронды поштасы мен байланыс телефонынvk_daryn@mail.ru е-mail-нежіберу қажет. Анықтама телефондары: 8/7232/700244,8/7232/742266.