Осы Ереже «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиаданы өткізудің тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
«Өзін-өзі тану» пәнібойынша Республикалықолимпиада (әрі қарай - «Олимпиада») кұндылық бағдарларды қалыптастыру, олардың шығармашылык әлеуетін дамыту, шығармашылык ic-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын мадактау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтык ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын колдау аркылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында өткізіледі.
Олимпиаданы өткізу барысында төмендегі міндеттер шешіледі:
• оқушылардың өзін-өзі тануға қызығушылығын дамыту, оларды рухани- адамгершілік құндылықтарға тарту;
• балалардың шығармашылық әлеуетін жандандыру, шығармашылық бастамашылдығын дамыту;
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік касиеттерін, қоғамға қызмет етуге бағытталған жасампаздық белсенділігін дамыту.
2. Олимпиаданың құрылтайшылары және ұйымдастырушылары
Олимпиаданың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, ұйымдастырушысы - «Бөбек» Ұлттық ғылыми- практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы (әрі қарай - «Бөбек» ҰҒПББСО) болып табылады.
3. Олимпиадаға катысушылар
Олимпиадаға «Өзін-өзі тану» пәнін оқуда жетістіктерге қол жеткізген, қызықты шығармашылық жұмыстар мен жобаларды әзірлеген 7-9 сынып оқушылары қатыса алады.
4. Олимпиаданы өткізутәртібі
Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.
Олимпиаданы дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін «Бөбек» ҰҒПББСО-нда Ұйымдастыру комитеті кұрылады.
Ұйымдастыру комитеті Олимпиаданы дайындауға және өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады, қазылар алқасының кұрамын, Олимпиаданы өткізу бағдарламасын бекітеді. Олимпиаданың қорытындыларын шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.
Олимпиаданың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексеріп, бағалайды, ең мазмұнды және қызықты жобаларды анықтайды.
Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын бағалауда әділдік пен адалдыққа қол жеткізу үшін орындалатын тапсырманың мазмұнына байланысты ақпараттық кұпиялылығы қамтамасыз етілуі кажет.
5. Олимпиадаға қатысушылар
Олимпиадаға облыстардың, Астана, Алматы калаларынын, және «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ (Астана, Шымкент калаларынан) кұрамында 3 адамнан және 1 топ жетекшісінен (барлығы 4 адам) тұратын кұрама командалары шакырылады. Аймақтардағы білім басқармалары кұрама командаларды жасақтап, топтардың жетекшілерін тағайындайды.
Қабылдаушы тарап («Бөбек» ҰҒПББСО) 3 адамнан тұратын өз командасын дайындайды.
6.Орындалатын тапсырманың мазмұнына койылатын талаптар
Республикалық турда әpбip аймақтан келген команданың әлеуметтік жобалар байқауы өткізіледі,бұл жобалар Олимпиада барысында әзірленеді және таныстырылады.
Жалпы тақырып - «Мен - Қазакстан азаматымын».
Нақты тапсырмалар олимпиаданы республикалық турында беріледі. Команданың мүшелері жобаның мақсатын, міндеттері, ашылатын құндылықты, сондай-ақәлеуметтік жобаны жузеге асыру үшін тұлғаға қажет маңызды қасиеттерді өзбетінше анықтауы тиіс.
Жобаның құрылымы еркін түрде.
Таныстырылымның уақыты 15 минуттан аспауы тиіс.
Қазылар алқасының мүшелері таныстырылымнан кейін анықтау сұрактарын қоюға кұқылы.
7.Олимпиадаға қатысушылардың әлеуметтік жобасын бағалау критерийлері
• Жобаның рухани-адамгершілік тереңдігін ашу.
• Қатысушылардың шығармашылық дербестігі.
• Белсендіөмірлікұстанымын көрсетуі.
• Өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алу іскерлігі.
• Командада жұмыс жасау іскерлігі.
8,Олимпиаданы өткізу мерзімдері
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиада 2017 жылғы қараша айының 8-10 аралығында өткізіледі.
9. Олимпиадаға катысушылардың «Бөбек» ҰҒПББСО-на келу тәртібі
Білім баскармалары Олимпиадаға қатысу үшін өтінім бepyi қажет.
Өтінімдер мына мекенжайға жолданады: 050027, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Дарын-1» ықшам ауданы, № 47 үй, «Бөбек» ҰҒПББСО РМКК, Адамның үйлесімді дамуы институты, сондай-ақ электрондық мекенжай: almatybobek@mail.ru.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі - 2017 жылғы 01 қарашаға дейін.
Өтінімнің үлгісі 1 -қосымшада берілген.
Олимпиадаға қатысушылардың келуі -2017 жылғы 8 караша.
Олимпиадаға қатысушылардың қайтуы - 2017 жылғы 10 қараша.
10. Олимпиадаға катысушы- командаларға койылатын талаптар
Облыстық делегация командалық костюмның айыру элементін (мойынға салатын орамал, бейсболка т.б.) дайындауы қажет.
Әpбip катысушыда өзімен бipгe келесі заттар болуы керек:
1) флэш-карта;
2) туу туралы куәліктің көшірмесі;
3) жол жүру кұжаттары;
4) салтанатты шараларға арналған киімдер.
И.Топтардыңжетекшілеріне қойылатын талаптар
Топтардыңжетекшілерін білім басқармалары тағайындайды.
Топ жетекшісінде:
• білім басқармасы бастығының топ жетекшісін тағайындау және оның олимпиадаға қатысушы балалардың өмірімен денсаулығы үшін жауапкершілігін бекітyi туралы бұйрығының 2 дана көшірмесi;
• жеке куәлік немесе оның сапалы көшірмесі;
• iccaпap куәлігі;
• жол жүру құжаттары, отырғызу талоны, фискалды чек;
• топ жетекшісінің банк карточкасының20 сандық нөмірі;
• салтанатты шараларға арналған киімдер;
• фотоаппарат болуы қажет.
Жол жүру құжаттары болмаған(жоғалған) жағдайда жол жүру ақысын төлеу жузеге асырылмайды.
Топ жетекшісі топ құрамына енбеген балаларды iccaпapғa алуына тыйым салынады.
Топтардың жетекшілеріне Олимпиада өткізілетін жерге дейін жол бойы, оның өткізілу барысында және қайтар жолда, тұрғылықты орнына дейін балалар үшін толық жауапкершілік жүктеледі.
12. Республикалық олимпиадаға қатысушыларды марапаттау
Республикалық олимпиадаға қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталады.
13. Республикалық олимпиаданы қаржыландыру
Олимпиаданы ұйымдастыруға қатысты шығындарды (Олимпиаданың қорытынды түрін өткізуге қажетті материалдарды сатып алу, фото-және бейне түсірілімдер және т.б.) «Бөбек» ҰҒПББСО жауапкершілігіне алады. Қатысушылардың және жетекшілерді , жол жүру, тамақтану, конақтау шығындарын қаржыландыруды қабылдаушы тарап жүзеге асырады.
Анықтама телефондары (факс): 8(727) 247 26 15. Үйлестіруші: А.Б. Сапарбаева, ұялы тел.: 8 777 343 92 41. e-mail: almatybobek@mail.ru