Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатта 2017 жылдың 1-3 қарашасы аралығында жаралытыстану-математика пәндері бойынша облыстық юниорлық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты – жоғарғы дәрежедегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математика бағытындағы олимпиада қатысушыларының резервін құру.
Облыстың дарынды 7-8 сынып оқушылары география, информатика, метематика, физика, химия және биология пәндерінен өзерінің білімдері мен қабілеттерін көрсетті.
Юниорлық олимпиада 2 айналымында өткізілді: тестілеу, олимпиадалық тапсырмаларды шешу және кейбір пәндерден практикалық жұмыстар өткізу. Тек жоғарғы және сапалы білім балаларға олардан өтуге көмектесті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша үздіктердің үздігі жүлделі орындарды иеленіп, жеңімпаз атанды.
Олимпиаданың жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықттаймыз!
Табыс пен жоғарғы көрсеткіштер тілейміз!