+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қ. Сәтпаев атындағы химиядан республикалық олимпиаданың қорытындысы
03 Қар, 08:10

Химия – қазіргі заман өркениетінің ғылымы мен экономикасының маңызды саласы. Қазақстан үшін бұл жаратылыстанудың жай орталық ғылымы ғана емес, сонымен қатар, біздің мемлекетіміздің келешек әл-ауқатының дамуының негізі.   

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында 2017 жылғы 31 қазан – 2 қараша аралығында химиядан Қ. Сәтпаев ат. республикалық олимпиада өтті. Олимпиада неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау, химияға қызығушылықтарын дамыту, пәнді тереңдеп оқуға ынталандыру мақсатында өткізілді.

Олимпиадаға химия пәніне қызығушылық танытатын 9 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада екі айналымда Ө. Байқоңыров ат. Жезқазған университетінің базасында өтті.

Олимпиаданың мәдени-ойын-сауық бағдарламасы қаланың көрікті жерлеріне саяхат пен концерттік бағдарламаны қамтыды.

Химиядан олимпиаданың қорытындысы бойынша Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім.–.инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Рахимгалиев Нуржан бірінші орынды және алтын медальды иеленіп, Жезқазған қаласы әкімінің арнайы сыйлығының жүлдегері атанды.

 

Нұржанның тәлімгері Абиев Ашимға зор алғысымызды білдіреміз.

Нуржанды жеңісімен құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!