2017 жылы 1-3 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жаратылыстану-математика бағыты бойынша юниорлық олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өткізуді жоспарлауда.
Олимпиаданың мақсаты – оқушыларды жоғары деңгейлердегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математика бағытындағы олимпиадаларға қатысушы оқушылар резервін құру.
Олимпиадаға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 7-8 сынып оқушылары қатысады.
Осыған орай, 2017 жылдың 2 қарашасында сағ. 09.00-да өтетін Олимпиаданың жазбаша айналымына БАҚ өкілдерін шақырамыз.
Олимпиада Өскемен қаласы, Амур көш., 12/1 (ДБА Жамбыл ат. ОММГИ) мекенжайында өтеді.
Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қ., Абай даңғылы, 21 – «Дарын» ШҚ ӨҒПО. Тел.: 8/7232/ 55-20-12, 70-02-44.