+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсын өткізу туралы
30 Қаз, 09:43

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы  2017 жылғы 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсын (әрі қарай – Конкурс) өткізілетіндігін назарларыңызға салады.

Конкурстың мақсаты – өзіндік ұлттық санасы, ұлттық, патриоттық рухы, тарихи санасы мен әлеуметтік жадысы жоғары деңгейдегі қоғамның белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең – іріктеу (аудандық/қалалық), 2017 жылғы 25 қазан мен 2 қараша аралығында өткізіледі;

Екінші кезең – облыстық, 2017 жылғы 30 қазан мен 2 желтоқсан аралығында өткізіледі. Қатысушылардың келуі – 2017 жылғы 30 қараша сағат 14.00 дейін, кетуі 2017 жылғы 2 желтоқсан.

Облыстық кезеңге құрамында 11 қатысушы (10 қатысушы және 1 жетекші) бар облыс аудандарының/қалаларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінің және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командалары қатысады.

Конкурстың облыстық кезеңі үш айналымда өтеді:

1 айналым – Үй тапсырмасы – «Туған өлке – біздің бастамаларымыздың негізі» акциясы;

2 айналым – Командалар үшін викторина «Жауапкершілігі мол және мықты біртұтас адамдардың ұлтын қалыптстыру»;

3 айналым – Шығармашылық конкурс «Шығыс Қазақстан жерлерінің аңыздары, мифтері мен хикаялары».

Конкурстың екінші кезеңіне білім бөлімдерінің басшылары, мамандандырылған мектептер мен Назарбаев Зияткерлік мектептердің директорларының қолымен расталған өтінімдер (1 қосымша) 2017 жылдың 3 қарашасына дейін Өскемен қ., Абай даң., 21 (3 қабат), «Дарын» ШҚ ӨҒПО мекен жайына жіберіледі; e-mail:  vk_daryn@mail.ru.

Конкурсты өткізу туралы ереже shygysdaryn.kz. сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысуға байланысты барлық сұрақтармен 8 (7232) 700-244, 742-266 телефондарына хабарласуды сұраймыз.