Оқушылардың республикалық астрономиялық турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы
Ең ғажайып ғылымдардың бірі, аспан денелерінің орналасуын, қозғалысын, құрылымын, шығу тегін және дамуын зерттейтін Ғалам туралы ғылым бұл – Астрономия. Оқушылардың астрономиялық мәдениетінің деңгейін көтеру, астрономияны белсенді оқып-үйрену уәжін қалыптастыру мақсатында жыл сайын оқушылардың астрономиялық турнирі өткізіледі.
2017 жылдың 27 қазанында облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің базасында «Дарын» ШҚ ӨҒПО оқушылардың республикалық астрономилық турнирінің облыстық кезеңін өткізді.
Турнирге жас астрономдар, облыстың білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары қатысты.
Турнир өздерінің бақылаулары мен тәжірибелері негізінде күрделі зерттеулік және ғылыми мәселелерді шешкен командалар арасындағы «жекпе-жек» түрінде өтті. Өздерінің білімдерін стандартты емес жағдайда қолданып, балалар ғылыми пікірталасты дәлелді жүргізе алды.
Турнирдің қорытындысы бойынша келесі командалар жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:
І дәрежелі дипломмен Зайсан ауданының командасы марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен Күршім ауданының командасы марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің және Назарбаев Зияткерлік мектебінің командалары марапатталды.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыстар пен жеңістер тілейміз!

