+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстанның жас зерттеушілері «Зерде» конкурсында
27 Қаз, 06:51

2017 жылдың 25 қазанында Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында оқушылардың ғылыми-зерттеушілік және оқу-танымдық қызметін дамыту,дарынды және талантты жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 1-7 сынып оқушыларына арналған республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсынының облыстық кезеңін өткізді.

Оқушылардың жоба қорғауы 8 секция бойынша өткізілді:

1) математика, информатика;

2) физика, техника;

3) қазақтіліжәнеәдебиеті;

4) орыстіліжәнеәдебиеті;

5) биология, химия;

6) валеология,экология;

7) тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

8) медицина,психология.

Оқушылардың жұмысынқұрамына облыстың алдыңғы қатарлы ЖОО-ң ғалымдары, ғылым докторлары мен кандидаттары кірген құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Конкурстың қорытындысы бойынша 141 оқушы (119 жоба) жүлдегер атанды. І орынды – 27 қатысушы (20 жоба), ІІ орынды – 51 қатысушы (43 жоба), ІІІ орынды – 63 қатысушы (56 жоба) иеленді. Жүлдегерлердің тізімі қосымша беріледі.

Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар, жүлдегерлер мен жеңімпаздарға грамоталар мен сыйлықтар берілді.     

Жүлдегерлерді,  ұстаздары мен ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз! Конкурстың барлық қатысушыларына сәттіліктер тілейміз!