«Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету зияткерлік болашақты қалыптастыру жағдайы»
Өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы, Астана, 2011 жылғы 10 қараша
«Зияткерлік ұлт-2020», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету туралы» 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 тапсырмасы, Астана қаласы Білім басқармасының жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру іс-шараларының жоспары негізінде Астана қаласының дарынды балаларын анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету жүйесінің құрылымы мен мазмұнын жетілдіру мақсатында «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2006 жылдан бері елеулі бірқатар іс-шаралар ұйымдастырған болатын. Олардың қатарында «Дарынды бала – ұлт байлығы» (желтоқсан, 2008) атты халықаралық семинар; балалардың академиялық дарындылығын дамыту бойынша «Математика, Білім, Мәдениет» (сәуір, 2010) конференциясы; білім ұйымдарындағы дарынды оқушыларды дамытуда қолдау көрсетудегі психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, мектеп психологтары мен педагогтарының кәсіптік деңгейін көтеру мақсатындағы «Дарынды оқушыларды дамытудағы психологиялық қолдау» (мамыр, 2011) республикалық семинары және тағы басқалар.
«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының 5 жылдық іс-әрекетін қорытындылауды көздейтін «Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету – зияткерлік болашақты қалыптастыру жағдайы» тақырыбында ұйымдастырылып отырған өңірлік ғылыми-практикалық конференция жүйелі жұмыстың жалғасы болып табылуда.
Конференция келесі проблемаларды талқылауды мақсат етуде:
Дарынды балалармен жұмысты дамытудың әдіснамалық проблемалары.
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық қолдау.
Балабақшадағы, мектептегі дарындылықты дамыту жұмыстарының құрылымы мен мазмұнын жетілдірудегі ұйымдастыру және іске асыру проблемалары.
Педагогті дарынды балалармен жұмыс жасауға дайындаудың тиімді жолдары.
Дарынды балалармен жұмыс жасау мазмұнын дамытуда жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдану.
Зерттеушілік әрекет дарынды балалармен жұмыс жасау әдісі ретінде.
Дарынды балалармен қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттардағы жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі.
Оқушылардың бойында жалпы адами құндылықтарды, азаматтылық пен елжандылықты қалыптастыру және дамыту.
Дарындылықты дамыту бағдарламасын іске асырушы білім беру ұйымдарын басқару.
10. Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы мектеп пен жоғары оқу орындарының өзара әрекеттесуі.
11. Дарындылықты дамыту процесінде оқушылар ата-аналарының білім беру ұйымымен өзара ынтымақтастығы.
12. Ғылыми-техникалық шығармашылық негізінде дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын дамыту.
13. Оқушылардың интеллектуалдық сайыстары мен ғылыми жарыстарын, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
Конференция аясында келесідей секция жұмыстары жоспарлануда:
Дарындылықты дамытудың әдіснамалық проблемалары.
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық қолдау.
Дарынды балалармен қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттардағы жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі.
Дарынды балалармен жұмыс жасау мазмұнын дамытудағы жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялар.
Конференция жұмысын қорытындылауда қарастырылатын проблемалар:
Дарындылықты дамытудың өңірлік, өңіраралық және халықаралық бағдарламаларын іске асыру.
Ақпараттық-әдістемелік қолдау.
3. Дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдауды бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету.
Конференция барысында түрлі интеллектуалдық әрекеттер немесе белгілі пәндер бойынша қабілеттіліктің жоғары деңгейін танытушы оқушылармен жұмыс жасау әдістері бойынша мастер-класс ұйымдастырылады.
Мерзімі: өткізілуі–2011 жылғы 10 қараша; қатысушыларды тіркеудің аяқталуы–2011 жылдың 20 қазаны (қоса есептеледі); материалдарды ұсыну: конференцияда баяндама жасау үшін 2011 жылдың 15 қазанына дейін; баяндама жасамай, конференция қорытындысы бойынша әзірленген жинаққа енгізу үшін – 2011 жылдың 20 қазанына дейін.
Конференцияның бағдарламасы келіп түскен сұраныстар негізінде қалыптастырылады.
Конференция қорытындысы бойынша баяндамалар жинағын басып шығару жоспарлануда. Конференция материалдары CD-дисктерде де шығарылады. Сонымен қатар, конференцияның таңдаулы материалдары «Астана дарыны» ақпараттық-әдістемелік журналында жарияланады.
Материалдарды Word мәтіндік бағдарламасында: барлық жағының жиектері — 2 см.; бірлік интервал; 12 кегль; абзац — 1,25; шрифт — Times New Roman Cyr электрондың нұсқасында (файл аты — автордың фамилиясы көрсетіле) ұсынылуы тиіс. Материалдардың көлемі 8 бетке дейін. Мәтінде келтірілген тұлғалардың инициалдары болуы тиіс. Библиографиялық сілтемелерді жолақ асты тізу керек. Автор, атауы, шыққан орны мен жылы, бет дәл келтіріледі.
Мәтін алдында автор (лар) туралы келесідей мәліметтер берілуі тиіс: фамилиясы, аты-жөні (толықтай); ғылыми дәрежесі және атағы; жұмыс орны және қызметі.
Барлық материалдар, сонымен қатар төлемақы туралы түбіртектің сканерлік көшірмесі сұраныспен қоса «Ғылыми-практикалық конференцияға материал» деген белгімен e-mail: astanadaryn@mail.ru жіберіледі.
Рәсімдеуге қойылған талаптар орындалмаған жағдайда материалдар қарастырылмайды. Ұйымдастырушы комитет материалдардың жариялануға жібермеу құқығына ие.
Секция немесе қорытындылау жұмыстарында баяндама жасау үшін материалдарды 2011 жылдың 15 қазанына дейін ұсыну қажет.
Әр қатысушы үшін ұйымдастыру жарнасы 3500 теңгені құрайды (2011 жылдың 20 қазанына дейін), ол «Өңірлік ғылыми-практикалық конференция» белгісімен келесі есеп шотқа төленеді: «Астана дарыны» ӨҒПО МКҚК. СТН 620200283530; БИК TSESKZKA;
ИИК KZ479998BTB00000003032 АО «Цесна Банк»
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 41.
Байланыс телефоны: 8 717 2 398 342
E-mail: astanadaryn@mail.ru
Қатысу үшін сұраныс
Фамилиясы___________________________________________________
Аты _________________________________________________________
Әкесінің аты__________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, атағы _______________________________________
Жұмыс орны, қызметі __________________________________________
Мекен- жайы __________________________________________________
Телефон/факс _________________________________________________
Е-mail _______________________________________________________
Баяндама тақырыбы __________________________________________
Баяндама жасауда техникалық құралдардың қажеттігі туралы хабарлау
Төмендегі екі нұсқаның бірін қалдыру:
- секция отырысында баяндама жасалады;
- конференция жұмысына тыңдаушы ретінде қатысу.
Конференцияға қатысушылар өздерінің келу және кету уақыттарын, қонақжайда орын брондау қажеттігін 2011 жылдың 30 қазанына дейін хабарлаулары тиіс. Жол шығыны, тұруы, тамақтануы конференцияға қатысушы есебінен.