Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылдың 20 қазанында Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің Өскемен филиалы базасында лингвистикадан, осы ғылымның дамуына үлес қосу ретінде, республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін ұйымдастырды.
Облыстық кезеңге аудандық/қалалық кезеңнен өткен, қолданбалы лингвистикаға қызығушылық танытатын 10-11 сынып оқушылары қатысты.
Лингвистикалық тапсырмалар логикалық ойлауды және дамыған аналитикалық қабілеттерді талап етеді. Олимпиада кезінде қатысушыларға берілген уақыт шегінде оларға таныс емес тілдегі мағлұматтарды қамтитын бірнеше тапсырманы шешу қажет болды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 16 қатысушы облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Кожевникова Мария – Өскемен қаласы, №34 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы;
- Мин Александра – Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Юшин Владислав – Риддер қаласының №1 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Саяқов Самат – Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Рахимбердинова Сания – Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы;
- Акижанов Рихат – Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Казанцева Наталья – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 11 сынып оқушысы;
- Ромашко Валерия – Бородулиха ауданы, Жезкент кентінің мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Выходцева Виктория - Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 10 сынып оқушысы;
- Қаирбекова Тогжан – Күршім ауданы, Қ. Нұрғалиев ат. гимназияның 10 сынып оқушысы;
- Манасбаева Перизат – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 10 сынып оқушысы;
- Рамазанов Әліби – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 10 сынып оқушысы;
- Давыдова Софья – Өскемен қаласы, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназияның 10 сынып оқушысы;
- Кайрбекова Айымжан – Күршім ауданы, Қ. Нұрғалиев ат. гимназияның 11 сынып оқушысы;
- Тілеубаева Венера – Күршім ауданы, №3 гимназияның 11 сынып оқушысы;
- Қабдешов Әлихан – Жарма ауданы, Абай ат. көпбейінді мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерледі құттықтаймыз!
Табыстар мен жоғарғы жетістіктер тілейміз!