2017 жылғы 14 қазанда Өскемен қаласы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің базасында 7-9 сынып оқушыларына «Өзін-өзі тану» пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Шараның мақсаты – құндылыққа бейімдеуді қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани – адамгершілік білім беру, шығармашылық әлеуетін дамыту, өзін-өзі тану пәніне қызығушылығын арттыру.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандардан, қалалардан, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден оқушылар қатысты.
Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңге эссе жазу кірді, екінші кезеңде оқушылар презентация қорғады және қазылар алқасының назарына адамзаттың мәңгілік құндылықтары, рухани және материалдық құндылықтар, адамның өмірлік мақсаты, жоғары рухани құндылықтарына қол жеткізу ретіндегі өз ой толғауларын ұсынды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша өңірлік турнирдың жеңімпаздары олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.
Барлық жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиаданың барлық қатысушыларына шығармашылық пен шабыт тілейміз!








