+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Оқушылардың республикалық астрономиялық турнирінің облыстық кезеңін өткізу туралы
10 Қаз, 06:56

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың республикалық астрономиялық турниріне (бұдан әрі - Астротурнир) іріктеу жүргізеді (ереже 11 парақта)

Астротурнирдің мақсаты – оқушылардың астрономиялық мәдениет деңгейін көтеру, астрономияны белсенді оқып-үйрену уәжін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Астротурнир үш кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – мектепішілік іріктеу (16 қазан, 2017 жыл);

Екінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу (19 қазан, 2017 жыл);

Үшінші кезең– облыстық (27 қазан, 2017 жыл).

Турнирге 7-11 сынып оқушылары қатысады.
Командалардың сандық құрамы: 3 адам. Сонымен бірге, құрамында 2 оқушысы бар командалар қатыса алады. Егер командада 8-9 сынып оқушылары басым болған жағдайда (яғни, 11 сыныптан 1 оқушыдан артық емес және 10 сыныптан 2 ден артық емес болған жағдайда) 4 оқушыдан тұратын команда қатысуға жіберіледі.
Аудандық/қалалық білім бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған  мектеп директорларының қолы және мөрімен бекітілген сұраныстар 2017 жылғы  20 қазанға дейін  vk_daryn@mail.ruэлектронды поштасында қабылданады.
Сұраныс үлгісі: 

Қатысушының аты-жөні

Аудан/Қала

Мектебі

Сыныбы

Оқыту тілі

Жетекшісінің аты-жөні, лауазымы, тел. (жұмыс, ұялы тел.)

 

 

 

 

 

 

 

Сұранысқа туу туралы куәлік немесе жеке куәліктің көшірмесі қоса беріледі.