1. Жалпы ережелер
1..Осы Ереже оқушылардың республикалық астрономиялық турнирінің облыстық кезеңінің мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау, өткізу тәртібі және қаржыландыру, оқушылардың республикалық астрономиялық турнирінің облыстық кезеңіне қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. (бұдан әрі – Астротурнир).
2..Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – Орталық) болып табылады.
3. Астротурнир – оқушылардың күрделі зерттеулер мен ғылыми мәселелерді шеше білу дағдыларын, өз шешімдерін сенімді көрсете білу, оларды ғылыми пікірсайыстарда – «жекпе-жекте» қорғай алатын командалық сайысы.
Астротурнирдің мақсаты – оқушылардың астрономиляқ мәдениет деңгейін көтеру, астрономияны белсенді оқып-үйрену себептерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
4. Астротурнирдің міндеттері:
- оқушылардың астрономия саласындағы озық зерттеу идеялары мен бастамаларын анықтау және ынталандыру;
- жалпы білім беретін мекемелерде оқушылар арасында астрономияны көпшілікке тарату;
- білімдерін әдеттен тыс жағдайларда қолдана білу, ғылыми пікірталастар жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
- оқушылардың зияткерлік қабілеттерін және логикалық ойлауын дамыту;
- оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Астронурнир өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
2. Астротурнирді ұйымдастыру комитеті
5. Астротурнирді ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
-.Астротурнирдің дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Астротурнирге қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;
- Астротурнирді өткізу барысындағы конкурстардың қазылар алқасының құрамын жасайды және бекітеді;
- іс-шараның түрлерін, өткізу формасын анықтайды;
- іс-шараның қорытындысын талдайды және жалпылайды;
- Астротурнирдің дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.
3. Астротурнирге қатысушылар
6. Команда құрамына 7-11 сынып оқушылары енеді
Комадалардың сандық құрамы 3 адам. Қатысуға құрамында 2 оқушысы бар командалар қатыса алады. Егер командада 8-9 сынып оқушылары басым болған жағдайда (яғни, 11 сыныптан 1 оқушыдан артық емес және 10-11 сыныптан 2-ден артық емес болған жағдайда), 4 оқушыдан тұратын команда қатысуға жіберіледі.
Команданың жеке құрамы Астротурнир бойы өзгермейді. Астротурнир кезінде команданың арнайы өкілі жетекші капитаны ретінде өз командасын басқарады.
4. Астротурнирді ұйымдастыру және өткізу тәртібі
7. Тапсырмалар тізбесі алдын-ала жіберіледі (№1 Қосымша).
8. Астротурнир үш кезеңде өтеді:
Бірінші кезең– мектепішілік іріктеу (16 қазан, 2017 жыл).
Мектепішілік іріктеу кезеңінің форматы – Астротурнир тапсырмаларын эксперттік бағалау. Эксперттік комиссия құрамын мектеп анықтайды.
Мектепішілік іріктеу кезеңінің жеңімпаз командасы Астротурнир тапсымаларын орындауды жалғастырады (бақылау және т.б.) және аудандық/қалалық іріктеу кезеңіне қатысады.
Екінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу кезеңі (19 қазан, 2017 жыл).
Аудандық/қалалық іріктеу кезеңінің форматы – Астротурнир тапсырмаларын эксперттік бағалау. Эксперттік комиссия құрамын аудандық/қалалық білім бөлімі анықтайды.
Аудандық/қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаз командасы Астротурнир тапсырмаларын орындауды жалғастырады (бақылау және т.б.) және облыстық кезеңге қатысады.
Үшінші кезең– облыстық (27 қазан, 2017 жыл, Өскемен қаласы).
Облыстық кезеңнің форматы – ғылыми пікірталас – «Жекпе-жек». «Жекпе-жекті» өткізу ережесін Астротурнирдің Уақыт тәртібі анықтайды. (№2 қосымша).
Облыстық кезеңнің жеңімпаз командасы Астротурнир тапсырмаларын орындауды жалғастырады (бақылау және т.б.) және республикалық кезеңіне қатысады.
9. Астротурнирге қатысу (№3 қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген сұранысты 2017 жылғы 20 қазанға дейін мына мекен-жайға жіберу қажет:Өскемен қ., Абай к.21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.
10. Астротурнирге қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұратын жеріне дейін қайтар жолындағы өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне топ жетекшісі жауапты болады.
11. Астротурнирге келіп жеткен соң, топ жетекшісі ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) Астротурнирге қатысу жөніндегі бұйрықтың көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәлімет (Тегі аты-жөні, туған жылы, сыныбы, оқу орны мен білім беру ұйымдарының мекен-жайы, үй мекен-жайы, телефоны, топ жетекшісінің аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);
3) дәрігерлік анықтама (әр қатысушыға);
4) қатысушының жеке төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі.
14. Команда қатысушыларының бірыңғай формасы мен эмблемасының болуы.
6. Қорытынды шығару және Астротурнир қатысушыларын марапаттау
12. Астротурнир жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Астротурнирдің барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылады.
Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасы құрамына ғылыми және оқу орындарының қызметкерлері мен оқытушылары кіреді.
7. Астротурнирді қаржыландыру
13. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.
Астротурнирге қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа )жіберуші жақ есебінен төленеді.
№1 Қосымша
АСТРОТУРНИРДІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. 2017 жылдың жаз айында Қытайдың Нанкин қаласындағы «Бөбек» командасының қатысуына арналған:
Аспанның кішкене бөлігін (мысалға 10 10-ға немесе 20 20 градусқа) немесе сізге жақсы таныс шоқжұлдызды таңдаңыз. Күн батқаннан кейін және бірінші жұлдыз пайда болғанға дейін далаға шығыңыз. Сіз таңдаған аспан бөлігінде алғашқы жұлдыздың шығуын күтіңіз. Оның шығу уақытын жазып алыңыз. Кейін, тең уақыт аралығында (мысалға 5 немесе 10 минут) сіз таңдаған аймақтағы аспапсыз көзге көрінетін жұлдыздарды санаңыз. Нәтижесін жазып отырыңыз. Жұлдыздар саны айтарлықтай өзгергенде санауды тоқтатыңыз. Сізге көрінген жұлдыздар санының уақыт бойынша тәуелділік графигін тұрғызыңыз және алынған нәтижені талдаңыз.Осындай зерттеуді әртүрлі байқау шарттарының барынша көп саны үшін орындаңыз (Ай жоқ кезде, толық Ай болған кезде, қалада, қаланың сыртында және т.б.), алынған нәтижелерді салыстырыңыз және қорытынды жасаңыз.
Дәл сол жұмысты істеңіз, бірақ Stellarium бағдарламасы көмегімен! Тікелей бақылаулар мен Stellarium бағдарламасы көмегімен алынған нәтижелерді салыстырыңыз. Нақты оқиғалардың бағдарламалық көрсетілу дәлдігін анықтау туралы қорытынды шығарыңыз. Бағдарлама нақты үдерістерді толығымен жеткізуге қабілетті ме?
2. Аспан сферасы. Қолжетімді материалдардан өз қолыңызбен аспан сферасының жұмыс үлгісін жасаудың қарапайым, бірақ сенімді тәсілін ұсыныңыз.
3. Көкжиектегі рефракция (жарық сәулелерінің сынуы). Видео- және фототехника (ұялы телефондар, фотоаппараттар және т.б.) көмегімен Күн / Ай шығуы / батуы үрдісін бақылаңыз және жазып алыңыз. Бұл уақытта Күн / Айдың пішіні дөңгелектен айтарлықтай өзгеше болады. Неліктен? Осыған алып келетін құбылысты атаңыз және алынған фото- немесе бейне материалдардың көмегімен алынған бұл құбылыстың сандық сипаттамаларын бағалауға тырысыңыз. Көкжиектегі қандай биіктікте Күн / Ай дөңгелек пішінге ие болады? Бұл биіктік қандай шамадан, параметрден және қандай жағдайлардан тәуелді?
4. Меркурийді ұстау. Меркурий мен Венера батыста Күн батқаннан кейін немесе шығыста Күннің шығысынан бұрын байқалатын планеталарға жатады. Неліктен бұл жағдайдың орын алатынын теориялық тұрғыда түсіндіріңіз.
Астрономиялық күнтізбені зерттей келе, Меркурий планетасының максималды көріну* ұзақтығы әртүрлі таңғы және кешкі көріністерінде әртүрлі болатыны анықталды. Осылайша, мысалы, таңғы көріну 12 мамырдан 6 маусымға дейін көріну ұзақтығы 8 минутты құрайды, ал 1-ші мен 29 қыркүйекке дейінгі таңғы көріністе планетаның көріну ұзақтығы 1 сағаттан асады. Планетаның максималды көріну ұзақтығында осындай таңғаларлық айырмашылықтың болуы немен байланысты?
Меркурийдің нақты бақылауын жасауға тырысыңыз. Бақылауға дайындық үдерісі мен бақылаудың өзін сипаттаңыз. Stellarium және басқа да бағдарламалардағы бақылауларды сипаттамаңыз!
* Максималды көріну ұзақтығы Меркурийдің шығуы мен ымырттың басталуыарасындағы уақыт аралығы, сонымен қатар ымырттың аяқталуы мен Меркурийдің шығуы арасындағы уақыт аралығын білдіреді.
5. Сатурн! Жаз бойы және күздің басында арнайы құралсыз көзбен байқауға болатын планета Сатурн болып табылады. Бұл планетаны арнайы құралдың көмегініз көзбен және сіз таба алатын оптикалық құралмен (бинокль, телескоп, дүрбі және т.б.) нақты бақылау жүргізіңіз. Жай көзбен арнайы құралсыз алынған бақылау бойынша дайындамасын Ғаламтордан жүктеуге болатын жұлдызды аспан жылжымалы картасында байқау күндері Сатурн орнын белгілеңіз. Оптикалық құралдардың көмегімен планетаны егжей-тегжейлі қарастырып, Сізе бақылауға қолайлы сақина мен оның барлық спутниктерінің суретін салыңыз. Қорытындылар шығарыңыз және бақылау компаниясын қорытындылаңыз. Stellarium және басқа да бағдарламалар көмегімен бақылаулар жүргізбеңіз!!!
6. Кометаларды бақылау! Әдетте, көк аспанда 10-ыншы жұлдызды шамаға дейін салыстырмалы түрде жарқын кометаны әрқашан табуға болады. Осындай кометаны табыңыз және оптикалық құрал көмегімен бақылаулар жүргізіңіз. Өзіңіз жасай алатын / басып шығарып алатын аспанның толық картасында бақылау күндері кометаның орнын белгілеңіз. Мүмкіндігінше көп нүктелерді белгілеп, кометаның қандай траектория бойынша: тұйық немесе ажыратылған траектория бойымен қозғалып бара жатқанын анықтауға тырысыңыз. Өзіңіздің таңдауыңызды теориялық негіздеңіз. Қорытындыларыңызды берілген кометаның нақты деректерімен салыстырыңыз. Stellarium және басқа да бағдарламалар көмегімен бақылаулар жүргізбеңіз!!!
7**. Time-Iapse videos. Propose a very slow astronomical or astrophysical phenomenon that can be studied and visualized using time-lapse photography. Produce and demonstrate such a video. // Жылдам бейне. Жыдам бейне көмегімен көрсетуге және зерттеуге болатын өте баяу астрономиялық немесе астрофизикалық үрдісті ұсыныңыз. Жыдам бейне көмегімен көрсетуге және зерттеуге болатын өте баяу астрономиялық немесе астрофизикалық үрдісті ұсыныңыз. Сіз жасаған бейнені көрсетіңіз //
8***. Annoying foreground object. Look at a flat photograph. What methods allow you to tell which objects were closer and which were father from the camera when the shot was taken? Design and create a photograph that violates the intuitive judgment of relative distances. //Алдыңғы қатарда. Тегіс фотосуретке қараңыз. Түсірілім кезінде қандай да бір объектілердің жақын, ал кейбіреулерінің камерадан алыс болғанын қалай анықтайсыз? Салыстырмалы арақашықтықтың интуитивті қабылдау бұзылуының фотосуретін ойлап, шығарыңыз //
9****. Make a poster with the most important astronomical discoveries and achievements of the last 5 years. Explain the arguments to of your choice// Соңғы 5 жылдағы ең маңызды астрономиялық жаңалықтар мен жетістіктерімен постер жасаңыз. Өзіңіздің таңдауыңызды негіздеңіз //
**** 7, 8 және 9-да барлық әрекеттер ағылшын тілінде көрсетіледі (баяндама, қарсы пікір білдіру, бақылау)
10. Жер түнекте! (Игорь Сальниковке идея үшін рақмет)
Алғысөз (баяндама кезінде оқымаңыз!!!): NASA Жерді екі апта бойына түнек басатыны туралы ескертеді. АҚШ ғарыш агенттігінің басшысы Чарльз Болден 2017 жылдың қараша айында Венера мен Юпитер планеталары параллелизмге тап болатыны жайлы мәлімдеді. Барлық Күн жүйелері үшін ғаламдық оқиғалардан планета толық түнекке түседі деп жазады «Жаңалықтар федералдық агенттігі». Сарапшылардың пікірінше, Венера Юпитердің оңтүстік-батысында өтеді, сонымен бірге оның жарығы әдеттегіден он есе жарық болады – бұл құбылысты ғалымдар параллелизм деп атайды. Венера өту кезінде ғарышта сутектің көп мөлшері бөлінеді. Күнмен байланысқан кезде ол жұлдыз бетінде күшті жарылыс тудырады деп хабарлайды NASA Nation News агенттігі. Ғарышкерлердің айтуынша, бір сәтте Күннің температурасы тоғыз мың Кельвинге дейін көтеріледі және жұлдыз көк түске айналады. Қалыпты күйге оралу үшін Күнге кем дегенде 14 күн қажет. 15 мен 29 қараша аралығында, ғалымдардың растауы бойынша, Жер тұрғындарына жасанды жарықтандыруға сүйенуге тура келеді.
Сұрақ: бір сәтте Күннің температурасы тоғыз мың Кельвинге дейін көтеріледі және жұлдыз көк түске айналады жәнеқалыпты күйге оралу үшін Күнге кем дегенде 14 күн қажет болсын делік, олай болса Жер бетінде температура қалай өзгереді, осы жағдайда Күннен секундына күн энергиясын қанша есе аз аламыз және түнекке нақты не түседі. Тапсырмада сипатталған құбылыс кезінде Күн жарқылының өзгеру сызбасын сызыңыз. Қандай құбылыстар және қандай денелер жарқылының өзгеріс кестесі ұқсас болады. Аналогия жүргізіңіз және бұл құбылыстарды салыстырыңыз! Ең бастысы, параллелизм дегеніміз не екенін біліп, бәріне айтыңыз!
№2 Қосымша
ОҚУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУДІҢ УАҚЫТ ТӘРТІБІ
І ТУРНИРДІҢ УАҚЫТ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
Қазақстандағы оқушылардың республикалық астрономиялық Турнирінің облыстық кезеңінің уақыт тәртібі Астротурнир Ережесінің ажырамайтын бөлігі болып табылады және Турнирдің іс-шараларын өткізудің нақты тәртібін анықтайды. Уақыт тәртібінде іс-шаралардың қажетті тармағының қандай да болмасын бірі жоқ болуына (немесе толық түсіндірілмеуіне) байланысты оны өткізу туралы шешімді Ұйымдастыру комитеті шешеді. Егер немқұрайлы өткізілген тармақтың қандай да болмасын бірі логиканы бұзуға немесе Астронурнирдің мақсаты мен міндеттеріне қайшы келген жағдайда, іс-шараларды өткізу және қорытынды шығару жөніндегі өзгеріс туралы шешім қабылданады.
ІІ АСТРОТУРНИР ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖІБЕРУ
10 міндеттен құрылған тапсырмалар жинағы және Астротурнирдің облыстық кезеңіне шақыру хаты «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен қалаларына алдын-ала жіберіледі.
ІІІ. АСТРОТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Астротурнирдің облыстық кезеңінің мерзімі мен өтетін жері 2017 жылдың 27 қазаны, Өскемен қаласында. Командалар ғылыми пікірталасқа «жекпе-жек» қатысады:
а) командалардың барлығы қатысатын екі, үш немесе төрт іріктеу жекпе-жегі;
б) іріктеу «жекпе-жегінің» және сырттай конкурстың нәтижелерінің қорытындысы бойынша жақсы көрсеткіш берген екі, үш немесе төрт командалар финалдық жекпе-жекке қатысады.
«Жекпе-жекке» 2, 3 немесе 4 команда қатысады (команданың жалпы санына байланысты) «Жекпе-жекті» өткізу ережесі Турнирдің осы уақыт тәртібімен және Ұйымдастыру комитетінің шешімімен анықталады.
«Жекпе-жекке» берілетін техникалық құралдар – тақта, бор, плакаттарды бекітуге арналған орын. Орталық және жергілікті Ұйымдастыру комитетінің өзара шешімімен ұйымдастырушылар бұл тізбені толықтыра алады. Негізінде компьютерлік презентация үшін құралдардың бар болуы қарастырылмаған.
ІV. ЖЕКПЕ-ЖЕК ЕРЕЖЕСІ
1. Жекпе-жектегі рөлдер
Қағида бойынша, жекпе-жекке 3 команда, 2 немесе 4 команда қатысуы мүмкін (команданың жалпы санына байланысты). Жекпе-жек ішінде командалар бір-бірімен еркін араласады. Жекпе-жек алдында командалар мен жюри мүшелері таныстырылады (егер қажет болса) бірінші әрекеттегі командалардың шығу ретін анықтайтын жеребе тасталады. Жекпе-жек үш, (екі, төрт) әрекетте өткізіледі. Әрбір іс-әрекетте командалар үшеуінің біреуіне шығады (екеуіне, төртеуіне) – 1-Баяндамашы, 2-Баяндамашы, Қарсы пікір білдіруші, Бақылаушы. Келесі іс-әрекеттерде командалар жекпе-жектің рөлдегі схемасына сай рөлдерімен ауысады:
|
Төрткомандалық жекпе-жек |
Үшкомандалық жекпе-жек |
Екікомандалық жекпе-жек |
|||||||||
|
Команда |
Әрекет |
Команда |
Әрекет |
Команда |
Әрекет |
||||||
|
I |
II |
III |
IV |
I |
II |
III |
I |
II |
|||
|
1 2 3 4 |
Д1 Н О Д2 |
Д2 Д1 Н О |
О Д2 Д1 Н |
Н О Д2 Д1 |
1 2 3 |
Д1 Д2 О |
Д2 О Д1 |
О Д1 Д2 |
1 2 |
Д1 Д2 |
Д2 Д1 |
2. Іс-әрекеттегі командалардың шығуы
1-Баяндамашы шешім міндеттерінің дәл мәнін баяндайды, тыңдаушылардың назарын негізгі физикалық идеялары мен қорытындыларына аударады. Алдын-ала әзірленген көрнекі материалдар мен демонстрациялар (плакаттар, басып шығарылған фотосуреттер, тақтадағы суреттер және т.б., бірақ ереже бойынша компьютерлік презентациялар ескерілмеген) Баяндамаға қажетті техникалық құралдар алдын-ала жергілікті комитетпен келісілуі қажет.
2-Баяндамашы 1-ші Баяндамашыдан кейін шығады және өз шешімін баяндайды. Орындау ережелері 1-ші Баяндамашының орындау ережесіне тән.
Қарсы пікір білдіруші баяндама бойынша сыни ескертулер жасайды және Баяндамашыларға мәселені түсінуге және оны шешу жолдарындағы кеткен олқылықтар мен қателіктерді анықтауға арналған сұрақтар қояды. Қарсы пікір білдіруші Баяндамашылардың баяндауы мен шешу жолындағы құндылықтарды және қателіктерді талдайды. Қарсы пікір білдіруші өз пікіріне сүйене отырып, сөйлеу барысында міндеттерді шешуде өз пайымдауына бұрып жібермеуі қажет.
Бақылаушы жалпы пікірлесуге қатыса алады
Баяндамашылар командасында баяндаманы бір адам әзірлейді, команданың қалған мүшелері техникалық көмекті жүзеге асырады. Қарсы пікір білдіруші тобында сұрақты команданың барлық мүшелері қояды, ал жеке пікірді Қарсы пікір білдіруші жасайды. Сұраққа жауапты Баяндамашы береді, сонымен қатар команданың басқа мүшелерінен жауапты толықтыруды сұрай алады. Қарсы шығып сөйлеуден кейін, пікірталас Баяндамашы мен Қарсы пікір білдірушінің арасында өтеді, бірақ пікірталасқа команданың басқа мүшелері де қатыса алады.
Команданың әр қатысушысы бір жекпе-жектің классикалық әрекетіне бір рет баяндамашы рөлінде қатыса алады, ал басқа ретінде екі реттен кем және пікірталасқа қатысуы (қысқаша ескертулер және пікірталасқа қатысуы баяндама ретінде есепке алынбайды).
V. ЖЕКПЕ-ЖЕКТІ ЖҮРГІЗУДІҢ УАҚЫТ ТӘРТІБІ
1. Орындау тәрттібі
|
Алғашқы іс-әрекет алдында |
|
|
Командаларды таныстыру |
2 мин. |
|
Қазылар мүшесін таныстыру |
1 мин. |
|
Жекпе-жекке арналған міндеттерді іріктеу |
5 мин-қа дейін. |
|
Орындау тәртібі – 1, 2, 3 және 4 әрекеттер |
|
|
Қарсы пікір білдіруші Баяндамашыларды шақырып, алдарына міндеттер қояды |
1 мин. |
|
1-Баяндамашының баяндауға дайындығы (1, 2 әрекетке) |
4 мин. |
|
3 және 4 әрекеттерде бұл уақыт ұзарады және осы уақыт аралығына үзіліс жарияланады |
7 мин. |
|
Баяндама |
7 мин. |
|
Экспериментті көрсету үшін қосымша уақыт берілуі мүмкін |
|
|
2-Баяндамашының баяндамаға дайындығы |
3 мин. |
|
Баяндама |
7 мин. |
|
Экспериментті көрсету үшін қосымша уақыт берілуі мүмкін |
|
|
Қарсы пікір білдірушінің баяндамашыларға сұрағы және Баяндамашылардың жауабы |
3 мин. |
|
Қарсы пікір білдіруге дайындық (екі баяндау бойынша) |
3 мин. |
|
Қарсы пікір білдіру (екі баяндау бойынша) |
6 мин. |
|
Қарсы пікір білдіруші алғашқы үш тармағы бойынша өз ұйғарымымен 12 минуттың шегінен шықпай, уақытты пайдалана алуға құқылы. Жүргізуші Қарсы пікір білдірушіге алғашқы 6 минуттың өткенін ескертеді және 9 минут өткен соң қарсы пікір білдіруді талап етеді. |
|
|
1-Баяндамашы – полемикасы – Қарсы пікір білдіруші, жалпы пікірталас |
8 мин. |
|
Баяндамашылардың қорытынды сөзі |
1мин. |
|
Қазылардың анықтауға арналған сұрақтары |
4 мин. |
|
Бағалау |
2 мин. |
Финалға міндеттерді іріктеу алдын-ала жүргізіледі, ал шақыру рәсімі алынып тасталады.
Жекпе-жек жүргізушісі (қағида бойынша қазылар мүшесінің бірі) көрсетілген уақыт тәртібін қадағалайды және алып тастауға құқылы (жүйелі әрекеттерде). Біреудің жүргізушіге қойған талаптарын бұзуға және т.б. жіберілмейді.
2. Жекпе-жекке арналған міндеттерді таңдау
2.1 Іріктеу шайқастары
Алдымен қазылар алқасы алдағы іріктеу жекпе-жектерінде баяндалған және пікір білдірген міндеттердің тізбесін жариялайды.( бірінші жекпе-жек үшін ондай командалар жоқ) Қалған міндеттерден жекпе-жек үшін міндеттер іріктеледі.Егер қалған міндеттер жекпе-жекке қатысқан командалар санынан артық болса, онда командалардың алдыңғы кезде пікір білдіруге қойған міндеттері қайтарылады (бірақ баяндалмағаны). Тізбедегі қалған міндеттерді командалар кезекпен (алдымен – құпия, қазыларға тізімді жариялату, соңынан – ашық, қазылардың сұрақтарына жауап беру) міндеттер командалар санымен бірдей болғанға дейін алып тастайды. Осы міндеттер жекпе-жекте ойналады. Бір жекпе-жекте әр әрекетте пікір алысу әр түрлі болуы қажет.
2.2 Финалдық жекпе-жек
Финалдық жекпе-жектің әр іс-әрекетінде (әрекеттің реттілігі соңынан жеребе арқылы, жекпе-жек алдында анықталады) 1-Баяндамашы және 2-Баяндамашы баяндалатын міндеттерді келесі рәсім бойынша үйлестіреді: 1-Баяндамашы жинақтағы міндеттерден кез-келген екі міндетті ұсынады, 2-Баяндамашы олардың біреуін таңдайды. Ұйымдастыру комитеті қатысушы-командаларды таныстырудан кейін таңдауға берілген екі міндетке бір сағат беріледі (нөмірленген міндеттер парағы ұйымдастыру комитетіне беріледі), олардың бірін таңдауға – тағы жарты сағат (командалар өздерінің таңдауы жөнінде ұйымдастыру комитетіне хабарлайды)
Таңдау сәйкес келген жағдайда, іріктеу кезінде ең жоғары нәтиже көрсеткен команда басымдыққа ие болады. Бұл жағдайда басқа команда ( басқа командалар) қалған міндеттерді қайта таңдайды.
Финалдық жекпе-жекте шығу реті жеребе арқылы анықталады.
Финалдық жекпе-жектің әр түрлі әрекеттерінде талданатын міндеттер әр түрлі болуы қажет
3. Міндеттер бойынша баяндауға шақыру ережесі
3.Іріктеу жекпе-жектері
Қарсы пікір білдіруші ол туралы әлі хабарланбаған, жекпе-жек үшін таңдалған міндеттердің біріне Баяндамашыны шақыра алады. Соңғы әрекетте Қарсы пікір білдіруші соңғы қалған міндетті орындауға шақырады. Бұл сызбада «Бас тарту» қарастырылмаған
VІ. ҚАЗЫЛАР. ҰПАЙЛАР. РЕЙТИНГ
Топтар бойынша қазылар мүшесін Ұйымдастыру комитеті үйлестіреді
Бағалау және ұпайларды есептеу
Әрбір әрекеттен кейін қазылар барлық орындауларды ескере отырып командаларды бағалайды.
Командалардың алған бағаларының ортақ ұпайын шығару үшін, қазылар әр әрекетке ұпай санын беріп, қосындысынан ортақ балын шығарады.
VІІ ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
1. Командалық есеп
Финалдық жекпе-жектің нәтижесі бойынша, бірінші орын алған команда 1 дәрежелі Дипломмен марапатталады. Екінші орын алған команда ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталады. Үшінші орын алған команда ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталады
№3 Қосымша
Оқушылардың республикалық Астрономиялық турнирінің облыстық кезеңіне қатысуға өтінім
|
№ |
Қатысушының тегі, аты |
Аудан/ қала |
Білім беру ұйымы
|
Сыныбы
|
Оқыту тілі
|
Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты
|
Жетекшінің лауазымы
|
Жетекшінің ұялы телефоны
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|