Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі - Орталық) 2017 жылдың 1-3 қарашасы аралығында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша юниорлық олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өтетінін назарларыңызға салады.
Олимпиада география, информатика, математика, физика, химия және биология пәндері бойынша өткізіледі.
Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназиялар мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің 7-8 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиада үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – іріктеу – мектепішілік (13 қазан, 2017жыл);
Екінші кезең – іріктеу – аудандық/қалалық (18 қазан, 2017 жыл);
Үшінші кезең – облыстық (1-3 қазан, 2017 жыл).
Олимпиаданың өту ережелері www.shygysdaryn.kzсайтында берілген.
Осыған орай, қалалық/аудандық білім бөлімдері, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер Олимпиадаға қатысушыларды сапалы түрде іріктеуді қамтамасыз етуі қажет.
«Дарын» ШҚ ӨҒПО-ға а. ж. 20 қазанына дейін квотаға сай (1-қосымша) 10 адам құрамындағы команданың қатысу өтінімін және есепті жіберулері қажет.
Қалалық/аудандық білім бөлімдерінің жетекшілерінің, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы және мөрімен расталған өтінімдер vk_daryn@mail.ruэлектронды поштасы арқылы қабылданады.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Аудан қала |
Мектеп |
Сынып |
Оқу тілі |
Пән атауы |
Қатысушының байланыс телефоны |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қатысушылардың денсулықтары мен іс-шараның өту кезіндегі қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін қалалық/аудандық білім бөлімдері бір жетекші тағайындайды.
Олимпиада дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында өтеді (Амур к., 12/1).
Жетекшілер бағдарламаға сәйкес Олимпиадаға қатысушылардың уақытында келуі мен қатысуын қамтамасыз етуі қажет.
Қатысушылардың тұратын орны мен тамақтану қаражаты ұйымдастырушылар, жетекшілердің шығыны жіберушілер тарапынан.
Қатысушылардың келуі - 2017 жылдың 1 қарашасы сағ.: 12.00 дейін. Кетуі – 3 қараша, сағ.: 9.00.