1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ережежаратылыстану-математика бағыты бойынша юниорлық олимпиадасының (бұдан әрі – олимпиада) өткізілу тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.
1.2. Олимпиаданың мақсаты – оқушыларды жоғары деңгейлердегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математика бағытындағы олимпиадаларға қатысушы оқушылар резервін құру.
1.3. Олимпиаданың міндеттері:
- жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге оқушылардың қызығушылығын ынталандыру;
- шығармашылық қабілеттер мен ғылыми-практикалық жұмысқа қызығушылықты анықтау мен дамыту;
- дарынды балаларды қолдауға жағдайлар жасау, оқушылар арасында ғылыми білімді насихаттау.
2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
2.1. Олимпиада келесі пәндер бойнша өткізіледі: математика, физика, география, биология, химия, информатика.
2.2. Олимпиада қатысушының қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
2.3. Олимпиада бірнеше кезеңдер бойынша өтеді:
1) мектепшілік кезең – 2017 жылдың 11 қазанына дейін;
2) аудандық (қалалық) – 2017 жылдың 18 қазанына дейін;
3).облыстық – 2017 жылдың 1-3 қарашасы аралығында ДБА Жамбыл ат. ОММГИ базасында өтеді (Амур к., 12/1);
2.4. Олимпиада пәндер бойынша екі кезеңде өтеді: тестілеу және олипиадалық тапсырмаларды шешу.
2.5. Олимпиада барысында жеке жазбаларды, кез келген әдебиеті, мобильді байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады.
2.6. Ережені бұзған жағдайда қатысушы Олимпиададан шеттетіледі.
2.7. Олимпиадаға тіркеу және қабылдау білім беру ұйымының басшысының қолы және мөрімен расталған аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, дарынды балаларға арналған облыстық білім беру ұйымдарының жіберілген өтінімі бойынша (2 қосымша) жүзеге асырылады. Өтінім 2017 жылдың 20 қазанына дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінім қарастырылмайды.
2.8. Жіберілген өтінімдегі деректердің дұрыстығына білім бөлімдері жауапты.
3. Олимпиаданың ұйымдастырушылары және қазылар алқасы
3.1 Олимпиаданы ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) болып табылады.
Ұйымдастыру комитеті:
Олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін, мерзімін, өтетін орынын анықтайды, тікелей басшылықты жүзеге асырады;
қазылар алқасының құрамын ЖОО ғылымдары қатарынан құрайды;
олимпиада өткізу барысында туындаған даулы оқиғаларды қарастырады;
тапсырмалардың бағалау критерийі мен материалдарды әзірлейді;
жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін бекітеді.
4. Олимпиада қатысушыларының құрамы
4.1 Олимпиадаға 7-8 сынып оқушыларынан құралған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің аудандық/қалалық кезеңінің жүлдегерлері қатысады.
4.2. Олимпиадаға әр ауданнан, қаладан және облыстық мамандандырылған мектептерден бекітілген квотаға сай 10 оқушы құрамында командалар (1-қосымша) және 1 жетекші қатысады.
4.3. Аудандық/қалалық команданың топ жетекшісі ретінде тәжірибелі мектеп педагогтары, білім бөлімінің мамандары сайланады. Топ жетекшісі қатысушылардың өмірі мен денсаулығына олимпиада өтетін орынға дейін, олимпиада барысында және қайтар жолда толықтай жауапты болады.
4.4. Олимпиадаға келісімен жетекші ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) Аудандық/қалалық ББ басшыларының Олимпиадаға қатысу туралы бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәлімет;
3) медициналық анықтама (әр қатысушыға) – эпид. орта туралы анықтама;
4) жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4.5. Олимпиадаға барлық қатысушылар өтінімде көрсетілуі және ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін тіркелген болуы қажет.
5. Олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау
5.1. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
6. Қаржыландыру
6.1. Олимпиаданы қаржыландыру құрылып, бекітілген сметаға сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен жүзеге асырылады.
6.2. Қатысушылардың жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің немесе демеушілердің есебінен өтеледі.
6.3. Қатысушылардың жатын орны мен тамақтану шығыны ұйымдастырушы есебінен, жетекшілердің шығыны жіберуші жақ есебінен өтеледі.
1 қосымша
|
Пән |
7 сынып |
8 сынып |
Барлығы |
|
Математика |
1 |
1 |
2 |
|
Физика |
|
1 |
1 |
|
Химия |
|
1 |
1 |
|
География |
1 |
1 |
2 |
|
Биология |
1 |
1 |
2 |
|
Информатика |
1 |
1 |
2 |
2 қосымша
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Аудан/қала |
Мектеп |
Сынып |
Оқу тілі |
Пәні |
Қатысушының байланыс телефоны |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|