+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы
06 Қаз, 10:59

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы қолданбалы лингвистика бойынша дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау үшін лингвистикадан республикалық олимпиада (әрі қарай – Олимпиада) өткізілетіндігін назарларыңызға салады.

Олимпиадаға облыс лицейлері мен гимназияларының, сонымен қатар, облыстық мамандандырылған білім мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары қатысады.

Олимпиада 3 айналымда өткізіледі:

1 айналым (аудандық/қалалық) – 2017 жылдың 11 қазанында өтеді (Олимпиаданың басталуы сағ. 10:00-де, аяқталуы сағ.14:00-де);

2 айналым (облыстық) – 2017 жылдың 20 қазанында өтеді, тек аудандық/қалалық айналымның жеңімпаздары (10 сынып – 2 оқушы, 11 сынып – 2 оқушы) қатысады.

3 айналым – республикалық.

Осыған орай, 2017 жылдың 6 қазаны мерзіміне дейін vk_daryn@mai.ru е-mail-ына Олимпиаданың 1 айналымының тапсырмаларын алу үшін білім беру ұйымының электронды мекенжайын жіберу қажет. Тапсырмалар Олимпиаданы өткізуге 2 сағат бұрын жолданады.

2017 жылдың 12 қазанына дейінбілім беру ұйымының басшысының қолымен және мөрімен расталған (1 айналымның өтуі туралы) хаттамаларды және Олимпиаданың  2 айналымына (4 оқушы) қатысу үшін үлгіге сай өтінімді Өскемен қ., Абай даңғ., 21 «Дарын» ШҚ ӨҒПО мекенжайына vk_daryn@mai.ru электронды поштасына жіберу қажет.

Үлгі

 

Қатысушының тегі, аты, жөні
(құжатқа сәйкес)

Қала/аудан

Сынып

Оқу тілі

Мектеп (толық атауы)

Аудандық/қалалық айналым үшін ұпайлар

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

Олимпиаданың областық кезеңінің өту орны мен мерзімі туралы ақпарат қосымша хабарланады. Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық сұрақтармен 8 (7232) 700-244 телефон нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.