Жаратылыстану-математика бағыты пәндері бойынша республикалық Президенеттік олимпиаданың облыстық кезеңі 2017 жылдың 28 қыркүйегінде Өскемен қаласындағы Қазақстан-Американдық еркін университеті базасында өткізілді.
Олимпиада кезінде жас білгірлер өздерінің білімдерін математика, физика, биология және химия пәндерінен көрсетті.
Олимпиада қатысушыларының жұмыстары құрамына С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің, Шәкәрім атындағы СМУ ғалымдары, Өскемен қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары енген құзыретті қазылар алқасымен бағаланды.
Облыстық кезеңнің нәтижесі бойынша жоғарғы ұпай санын жинаған қатысушылар 2017 жылы 18 қазанда өткізілетін республикалық Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңіне (қашықтық айналым) қатысады.
Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі 2017 жылдың 7-10 қарашасы аралығында Теміртау қаласында өтеді.