«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен «Менің Отаным - Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристер слетінің қорытындысы
2017 жылдың 18-28 қыркүйегі аралығында Шығыс Қазақстан облысында 8-10 сынып аралығындағы облыстың 100-ден астам оқушылары балалар мен жасөспірімдердің туризмін және өлкетануды дамыту, туристік икемділік пен дағдыларын, экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен дамыту, тарих бойынша, Шығыс Қазақстанның географиялық орналасқан жері, табиғаты және мәдениеті жөніндегі білімдерін оқып-үйрену және кеңейту, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Таулы Үлбідегі «Дарын» базасына облыстық «Менің Отаным – Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристердің слетіне шақырылды.
Туристік маршрут 4 топ қатысушыларына әрқайсысы үшін әзірленген жеке бағдарлама бойынша 9 күн бойы ұйымдастырушылардың, полиция қызметкерлерінің, ғылыми жетекшілердің, нұсқаушылар мен гидтердің ілесіп жүруімен мәдени-тарихи жерлерге, ШҚО еңбек даңқы жерлеріне (Берел қорғандары, Шілікті алқабының патшалық қорғандары, Ақбауыр, Аблаинкит оқшау бекінісі, Үлбі металлургиялық зауыты, Өскемен металлургиялық кешені, Өскемен ГЭС) экспедициялар жүргізілді, «Вороний камень» тауына жаяу жүру және Ертіс өзені бойымен жүзіп өту ұйымдастырылды.
Әр қатысушы топтарға жорыққа және жүзуге аттанардан бір күн бұрын кәсіби нұсқаушылар мен гидтер есу мен жаяу жүру техникасына, алау жағу тәсілдеріне, шатырлы лагерьлерді құрастыруға және орнатуға үйрететін оқу-әдістемелік сабақтар жүргізді.
Слет бағдарламасына алдыңғы қатарлы ЖОО ғалымдарының лекциялары мен шеберлік сабақтары, сондай-ақ, археолог, атақты Берел қорғандарының алғашқы ашушысы, ҚР БҒМ Ә. Марғұлан атындағы Археологиялық институтының бас ғылыми қызметкері Самашев Зейнолла Самашұлымен кездесу кірді.
Экспедицияның қорытындысы бойынша жаңа білім мен әсер алған қатысушылар өздерінің зерттеу жобалары мен презентацияларын қорғау үшін Таулы Үлбіде жиналды.
Командалар үшін бірінші сынақ «Визитка» конкурсы болды, онда балалар өздерінің командаларын презентация, фильм және импровизация түрінде қорғады. Ерекше көзге түскен 3 команда төмендегідей марапаттарға ие болды:
І дәрежелі диплом - Бородулиха ауданының командасы;
ІІ дәрежелі диплом - Көкпекті ауданының командасы;
ІІІ дәрежелі диплом - Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің командасы.
Зерттеу жобаларын қорғау конкурсының қорытындысы бойынша әр секцияда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Дикеш Шәкәрім - Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің оқушысы;
- Амандыков Мадияр, Кенесханова Аяужан - дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушылары;
- Шульгина Александра- облыстық математика, физика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің оқушысы;
- Айдарбекқызы Ақмарал, Кенжеғұлова Амина, Ерболат Талғар - Өскемен қаласының құрама командасы;
- Урульбекова Рамина - Ұлан ауданы, Б. Ахметов атындағы орта мектептің оқушысы;
- Қабдығаный Нұрсұлтан - Зайсан ауданының Шілікті орта мектебінің оқушысы.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Егорова Светлана - Глубокое ауданы, №1 орта мектептің оқушысы;
-.Сабитова Жұлдыз - Аягөз ауданы, қалалық қазақ мектеп-лицейінің оқушысы;
- Айтқалиұлы Алихан- Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің оқушысы;
- Советова Айжан - Зырян ауданы, №9 орта мектептің оқушысы;
- Кунанбаева Малика– Өскемен қаласындағыоблыстық математика, физика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің оқушысы;
- Самархан Гүлия - Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде білім беретін көпбейінді гимназияның оқушысы.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Челышева Рината - Катонқарағай ауданы, С. Ластаев атындағы орта мектептің оқушысы;
- Қумархан Ермек, Секен Дархан, Жумажанов Еркебұлан, Абдуходжаев Нұрболат - Курчатов қаласы, №1 орта мектептің оқушылары;
- Рыспекова Дильназ - Аягөз ауданы, қалалық қазақ мектеп-лицейінің оқушысы;
- Жанатов Ғалымжан- Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің оқушысы;
- Төлеубеков Еркебулан - Семей қаласы, №37 гимназияның оқушысы;
- Қалымжанова Меруерт - Зырян ауданы, №9 орта мектептің оқушысы;
- Сухарников Даниил - Бородулиха ауданы, Н. Островский атындағы орта мектептің оқушысы;
- Айтбаева Индира– Абай ауданы, Абай атындағы мектеп-лицейдің оқушысы;
- Дүтбаев Нұртай - Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейдің оқушысы;
- Албул Владислав - облыстық математика, физика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің оқушысы;
- Бағдатова Нурайым, Шалхарова Риза- дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың оқушылары;
- Серікбекова Аружан - Аягөз ауданы, қалалық мектеп-лицейдің оқушысы.
Сондай-ақ, Слет аясында «Discover East Kazakhstan» эссе конкурсы ұйымдастырылып, онда қатысушылардың басым бөлігінің талқылауында болған Берел қорғаны сөз болды, алайда, қазылар алқасының пікірінше «Үздік эссе» номинациясында сөз шеберлері болғандар:
- Самархан Гүлия – Семей қаласы,Шәкәрім атындағы үш тілде білім беретін көпбейінді гимназияның оқушысы, Рыспекова Дильназ - Аягөз ауданы, қалалық қазақ мектеп-лицейінің оқушысы, Құдайбергенов Бақдаулет - Көкпекті ауданы, М. Әуезов ат. орта мектептің оқушысы, Амангелді Нұрдәулет - Зайсан ауданы, Шілікті орта мектебінің оқушысы, Жексен Тұрсынгүл - Күршім ауданы, №5 орта мектептің оқушысы, Амандыков Мадияр – Жамбыл атындағыдарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат оқушысы, Кунанбаева Малика, Шульгина Александра - Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің оқушылары.
Тарихи нысандар мен мәдениет нысандарын білуге арналған квест жарысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
І дәрежелі дипломменСемей құрама командасы марапатталды;
ІІ дәрежелі дипломмен:
- Зырян ауданының құрама командасы;
- Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің құрама командасы.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
- Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің құрама командасы;
- Бесқарағай ауданының құрама командасы;
- Зайсан ауданының құрама командасы;
- Жарма ауданының құрама командасы;
- Тарбағатай ауданының құрама командасы.
«Алау жанында ән айту» конкурсында ең шығармашыл команда боп Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің (І орын), дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының және Риддер қаласының (ІІ орын), Зайсан, Катонқарағай, Үржар және Шемонаиха аудандарының (ІІІ орын) оқушылары анықталды.
Өткізілген конкурстарды қорытындылай келе, командалық есепте І дәрежелі дипломмен Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің құрама командасы марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен:
- Зайсан ауданының құрама командасы;
- Аягөз ауданының құрама командасы;
- Семей қаласының құрама командасы;
- Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің құрама командасы;
ІІІ дәрежелі дипломмен:
- Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат командасы;
- Зырян ауданының құрама командасы;
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар шараның салтанатты жабылуында дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаз атанған қатысушылар өлкетанушылар мен туристердің Республикалық слетіне қатысады.
Берілген шара оқушылардың жадында ұзаққа сақталады деген үміттеміз!
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!











