ШҚО оқушыларының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жас эколог-өлкетанушылар мен натуралистердің «Менің Отаным -Қазақстан» республикалық форумына қатысу қорытындысы
2017 жылдың 21-23 қыркүйегі аралығында Орал қаласында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жас эколог-өлкетанушылар мен натуралистердің республикалық форумы болып өтті. «Облыстың эколого-биологиялық орталығы» ұйымдастыруымен өткен форумға республиканың барлық өңірлерінен 160 оқушы бас қосты.
Құрамында 9 оқушысы бар біздің балалар «Жасыл оазис», «Құс қанатындағы арман» экологиялық акциясы, «Экоəлем», «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық жəне қоршаған орта» жəне тағы да басқа бірегей номинациялар бойынша қатысты.
«Құс қанатындағы арман» экологиялық акциясы номинациясында Глубокое ауданы, Уварово орта мектебінің оқушысы Спиридонов Александр қазылар алқасына өзінің жапон стилінде жасалған құстарды қоректендіруге арналған астауын ұсынды. Сашаның жұмысының өзіндік ерекшелігі сол, ол табиғатқа зиян келтірмей дайын экологиялық заттардан жасауы (қураған қамыс, ескі бұтақтар, тақ тайлар). Өзінің шығармашылық жұмысы үшін Александр үшінші орынды иеленді.
«Жасыл экономика» номинациясы бойынша келесі қола жүлдеге Абай ауданы, Абай атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Құрманғазы Сана ие болды. Ол экологиялық таза ресурсты (тезек) пайдалану бойынша жүмысын қорғады. Сана сол арқылы жеке үйлерді жылыту, электр қуаты мен табиғи газды алу жолдарын көрсетті.
Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!