+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ
20 Қыр, 09:18

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің кіші Отаным»жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ

 

1.              Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау, өткізу тәртібі мен қаржыландыру, конкурсқа қатысуды, және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – Орталық) болып табылады.

3. Конкурстың мақсаты – оқушыларды тарихи және өлкетану біліміне араластыру, өскелең ұрпақ бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу, ұлттық өзіндік менін және өзінің кіші отанына деген қуаныш сезімін анықтау.

4. Конкурстың міндеттері:

- өлкетануды оқуға қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау және қолдау;

- туған өлке тарихын оқуға деген танымдық қызығушылықтарын ынталандыру;

- тарихи өлкетану саласындағы оқушылардың бастамалары мен зерттеушілік идеяларын анықтау және қолдау;

- оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

- жалпы тарих, өз жеріңе, туған аулыңа, қалаңа, өлкеңе деген сүйіспеншілік негізінде жалпықазақстандық сәйкестік пен бірлікті қалыптастыру.

Конкурсты өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

 

2.    Конкурсты ұйымдастыру комитеті

5. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

-  Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

-  Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;

-  Конкурстың қазылар алқасының құрамын жасайды және бекітеді;

-  іс-шараның түрлерін, өткізу формасын анықтайды;

-  Конкурстың қорытындысын талдайды және жалпылайды;

-  Конкурстың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.

 

3. Конкурсқа қатысушылар

6. Конкурсқа ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушылары қатыса алады.

 

4.    Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

7.     Конкурс үш кезеңде өтеді:

Бірінші кезең– мектепішілік іріктеу (14 қыркүйек 2017 жыл).

Өткізу форматы: «Менің отбасымның тарихы – туған өлке тарихында» көрмесі, «Менің кіші отаным» тарихи құбылыс» зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсы және өлке тарихын, тарихи тұлғаларды, айрықша оқиғалар жөніндегі білімдерін анықтауға арналған олимпиадалар. Олимпиадаға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды мектеп қамтамасыз етеді.

Конкурстың жалпымектепішілік іріктеу кезеңінің жеңімпаздары аудандық/қалалық іріктеу кезеңіне қатысады.

Екінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу (21 қыркүйек 2017 жыл) Өткізу форматы: «Менің кіші отаным тарихи құбылыс» зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсы, және өлке тарихын, тарихи тұлғаларды, айрықша оқиғалар жөніндегі білімдерін анықтауға арналған олимпиадалар.

Олимпиада сұрақтары мен тапсырмаларын аудандық/қалалық білім бөлімі қамтамасыз етеді.

	Конкурстың аудандық/қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.

Үшінші кезең– облыстық (5-7 қазан 2017 жыл).

8. Форумға қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген сұранысты 2017 жылғы 25 қыркүйекке дейін мына мекен-жайға жіберуге болады: Өскемен қ. Абая к.21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.

Сұранысқа қоса тіркеледі:

	1)      Аудан/қалалар қатысушыларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің және Назарбаев Зияткерлік мектептің құрама командаларының тізімі: тегі, аты, әкесінің аты, сыныбы, оқу тілі, білім беру ұйымы, топ жетекшісінің аты, әкесінің аты, лауазымы және мобильді телефонының нөмірі.
	2)      мектепішілік іріктеу кезеңінің ұйымдастыру және өткізу туралы есебі үлгі бойынша:

Мектептерде өткен «Менің отбасымның тарихы – туған өлке тарихында» өткізілген көрме қорытындысы, «Менің кіші отаным тарихи құбылыс» зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсы, өлке тарихын, тарихи тұлғаларды, айрықша оқиғалар жөніндегі білімдерін анықтауға арналған олимпиада.

Білім беру ұйымының атауы

Қатысушылардың жалпы саны

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны

Байланыс телефоны

1

2

3

4

5

1

   

 

 

2…

Аудан/қала бойынша қорытынды:

 

 

 

	3)      аудандық/қалалықіріктеу кезеңінің ұйымдастыру және өткізу туралы есебі үлгі бойынша:

Аудан/қалалық іріктеу кезеңінде өткен «Менің отбасымның тарихы – туған өлке тарихында» өткізілген көрме қорытындысы, «Менің кіші отаным тарихи құбылыс» зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсы, өлке тарихын, тарихи тұлғаларды, айрықша оқиғалар жөніндегі білімдерін анықтауға арналған олимпиада.

Білім беру ұйымының атауы

Қатысушылардың жалпы саны

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны

Байланыс телефоны

1

2

3

4

5

1

   

 

 

2…

   

 

 

Аудан/қала бойынша қорытынды:

 

 

 

Аудандық/қалалық конкурс жеңімпаздарының ТАӘ аты

 

 

 

 

	9. Әр аудан/қала командаларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден командалардың сандық құрамы 6 адамға дейін:               5 қатысушы және 1 топ жетекшісі.

10. Конкурсқа қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұратын жеріне дейін қайтар жолындағы өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне топ жетекшісі жауапты болады.

11. Конкурсқа келіп жеткен соң топ жетекшісі ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:

1) форумға қатысу жөніндегі бұйрықтын көшірмесі;

2)қатысушылар туралы мәлімет (аты, туған жылы, сыныбы, оқу орны мен білім беру ұйымдарының мекен-жайы, телефоны, жұмыстың аты, номинациясы,  топ жетекшісінің аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);

3) дәрігерлік анықтама (әр қатысушыға);

4) қатысушының төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі.

12. Команда қатысушыларының бірыңғай формасы мен эмблемасының болуы.

5. Конкурсты өткізу шарттары

13. Конкурс екі кезеңде өтеді:

1) «Менің кіші отаным» тарихи құбылыс» зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсы – жеке және ұжымдық қатысу (топтан кемінде 1 зерттеу жұмысы/жоба, бір қатысушыдан кемінде 1 зерттеу жұмысы/жоба).

Конкурс қатысушылары тарихи өлкетану бойынша зерттеу жұмыстары мен жобаларын ұсынады. Жұмыстың авторына 5 минутқа дейін уақыт беріледі (қорғау үшін – 3 минут, сұрақтарға – 1-2 минут).

Зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсын келесі критерийлерді: өзектілігін негіздеу, практикалық маңыздылығы, мақсаттылығы, терминологиясы мен зерттеу әдістемелерінің дәлдігі, зерттеудің қайнар көзінің негізі, ақпараттардың талдамасы, жүргізілген зерттеулердің көлемі мен дәрежесі, қойылған міндеттердің орындалу нәтижесі, қорытындысы, шешендік шеберлігін ескере отырып, қазылар алқасы жиырма бес балды жүйемен бағалайды.

Топтық есепте конкурсқа қатысқаны үшін әр команда кемінде жиырма бес балдан жинай алады. Егер командадан бірнеше зерттеу жұмыстары/жобалары ұсынылса, онда ұсынылған баяндамалардың жоғары ұпайға тең жиналғаны есептеледі.

2) Өлке тарихын, тарихи тұлғаларды, айрықша оқиғалар жөніндегі білімдерін анықтауға арналған олимпиада– жеке қатысуОлимпиада ШҚО тарихы бойынша мектеп бағдарламасын қамтиды.

Олимпиада тестілеу (жазбаша) және әңгімелесу (ауызша) формасында өтеді екі кезеңде өтеді.

Қазылар алқасы олимпиаданы жиырма бес балды жүйемен бағалайды. Тапсырмалар алдымен дәптерде орындалып, соңынан қатысушылар қазылар мүшелері алдында баяндайды.

Жеңімпаздар балдардың жиынтық саны бойынша анықталады.

 

6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

14. Екі турдың қорытындысы бойынша ең жоғары бал жинаған қатысушылар жеңімпаз атанады.

Жеңімпаздарды қазылар мүшесі анықтайды. Қазылар алқасы құрамына: өлкетанушы ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары кіреді.

15. Конкурс жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Барлық Конкурс қатысушыларына сертификаттар беріледі.

 

7. Қаржыландыру

16. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.

	Форумға қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жүріп өту) жіберуші жақ есебінен төленеді.

 

№ 1-қосымша

«Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Тәрбие және білім» Ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтетін «Менің кіші отаным»жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық конкурсына қатысуға өтініш

 

Қатысушының тегі, аты

 

Аудан/қала

 

Білім беру ұйымының атауы

 

Сыныбы

Оқыту тілі

 

Зерттеу жұмысының / жобасының тақырыбы

Жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты

Жетекшісінің лауазымы

 

Жетекшісінің мобильді телефонының нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9