Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жыл сайын 11 сынып оқушылары үшін Президенттік олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.
Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең – өңірлік - 2017 жылдың 28 қыркүйегінде өткізіледі;
-.екінші кезең – іріктеу – 2 айналымда өткізіледі. Бірінші айналым (қашықтық) республика бойынша бір уақытта 2017 жылдың 18 қазаны күні сағат 10.00-де (Астана уақытымен), екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні сағат 14.00-де (Астана уақытымен) өткізіледі;
- үшінші кезең – республикалық - 2017 жылдың 7-10 қазанында.
Президенттік олимпиаданың әр қатысушысы барлық кезеңде математика, физика, химия, биология пәндері бойынша тапсырмалар орындайды.
Олимпиаданы өткізу ережесі www.shygysdaryn.kz.сайтында орналасқан.
Аудандық/қалалық білім бөлімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер 2017 жылғы 21 қыркүйекке дейін өңірлік кезеңге қатысу үшін төрт пән бойынша (бір уақытта) қатысушыларды сапалы іріктеуден өткізу қажет.
2017 жылдың 22 қыркүйегіне дейін олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысатын 4 оқушыны (оқу тіліне қарамастан) анықтап, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8-7232-55-20-12 тел/факсы, e-mail: vk_daryn@mail.ruбойынша өтінім (қатысушылардың жеке құжаттарының көшірмесімен) жолдау қажет.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Оқушының аты-жөні, тегі (құжат бойынша) |
Аудан/қала |
Мектебі, мекен-жайы |
Оқу тілі |
Қатысушылардың байланыс деректері, ЖСН |
Жетістіктері |
Қатысушыны дайындаған мұғалімнің аты-жөні |
|
|
|
|
|
|
|
|
|