«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің Отаным - Қазақстан» жас өлкетанушы-экологтар мен натуралистердің облыстық форумының қорытындысы
2017 жылдың 13-15 қыркүйегі күндері Шығыс Қазақстанның табиғаты көрікті жерінде орналасқан Таулы Үлбі өзенінің жағалауындағы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің Отаным - Қазақстан» жас өлкетанушы-экологтар мен натуралистердің облыстық форумы өткізілді.
Форумның ашылуы кезінде ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысына ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Л. Краснобаева, ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары А.О. Байжанова, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ проректоры, биология ғылымдарының докторы А.Б. Мырзагалиева, «Нұр отан» партиясы мен ШҚО экология департаментінің өкілдері қатысты.
Форумға Шығыс Қазақстан аудандары мен қалаларынан 180-ге жуық 8-10 сынып оқушылары қатысты. Форум бағдарламасы әр түрлі шараларға толы болды. Оқушылар «Экология. Технология. Өмір» көрмесінде өз жұмыстарын қорғады, ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысында экология, табиғатты ұтымды қолдану, жастардың экологиялық мәдениеті мәселелерін талқылады, «Эконысан. Менің кіші Отаным» конкурсында бейнороликтерін ұсынды.
Форумға қатысушы балалар үшін өңірдің жетекші өлкетанушы-экологтары шеберлік кластар өткізді. Қатысушылар «Өз планетаңды сақта, өзгесі жоқ басқа!» танымдық экологиялық марафонында Қазақстанның қорғауға алынған аумақтары, өсімдіктері, жануарлары жайлы өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік алды. Қатысушылар өз қолымен құстарды қоректендіруге арналған астау жасап, «Дарын» аумағына жеміс көшеттерін отырғызды.
Жүлдері орынға ие болған қатысушылар Республикалық жас өлкетанушы-экологтар мен натуралистердің форумына қатысады. Жүлделі орынға ие болған балалар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.
Берілген шара өлкетану, экология және қоршаған орта,саласында әлеуметтік-практикалық қызмет пен энергия үнемдеу мәселелерін шешуге бағытталған зерттеу жұмысына қызығушылықтары бар оқушыларды қолдауға; республикадағы балалардың әлеуметтік-практикалық бірлестіктерінің экологиялық және өлкетанымдық қызметін белсендіруге; жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
Форумның қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі командалар мен оқушылар иеленді:
«Экология. Технология. Өмір» шығармашылық жұмыстар көрмесі конкурсындаІ дәрежелі дипломмен Семей қаласы Пригород орта мектебінің 10 сынып оқушысы Орымбасаров Ильяс марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Шемонаихаауданы, Зевакино орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жаксыгунов Алишер;
- Бесқарағай ауданы, Үлкен-Владимировка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мұхатаева Аяулым, 8 сынып оқушылары Балтабекова Еркежан, Данияр Асхат.
ІІI дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Үржар ауданы, Қ. Төлеубеков ат. орта мектептің 10 сынып оқушылары Узбекова Аружан, Уахитканова Сымбат;
- Аягөз ауданы, көпбейінді қалалық қазақ мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Омаров Ардақ, 8 сынып оқушысы Ермұқашев Әлібек;
- Семей қаласы, үш тілде оқытатын Шәкәрім ат. көпбейінді мектеп-гимназияның 9 сынып оқушылары Ондасынова Құралай, Темирбаева Айым;
- Курчатов қаласы, №4 орта мектептің 9 сынып оқушысы Еркінбекқызы Нұрсымбат;
- Бородулиха ауданы, Уба-Форпостовка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жайлаубаева Аида, 8 сынып оқушысы Уалиханов Асет.
«Эконысан. Менің кіші Отаным» бейнероликтер конкурсында І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Жарма ауданы, №236 орта мектептің 10 сынып оқушысы Санахова Айнұр, 9 сынып оқушысы Мұратбеков Самат;
- Өскемен қаласы, ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Қаныбекова Мөлдір, Түгелбаев Айбек, Балтабеков Ғалымжан.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Зырян ауданы, №2 Жаңа Бұқтырма орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кенбаев Саят, 6 сынып оқушысы Письменный Роман;
- Семей қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушылары Магауиянов Бекарыс, Қанабеков Зейін.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 10 сынып оқушысыМанасбаева Перизат, 9 сынып оқушысы Жәмкенова Дильназ;
- Көкпекті ауданы, Амангелді ат. орта мектептің 8 сынып оқушылары Жарқын Шынар, Болатбекқызы Айнұр;
- Үржар ауданы, Қ. Төлеубеков ат. орта мектептің 10 сынып оқушылары Мырзағалиев Ғалымжан, Азтаукеева Ақжан, 9 сынып оқушысы Қалиев Даулет;
- Курчатов қаласы, орта мектептің 9 сынып оқушысы Базанова Аружан.
«Менің Отаным – Қазақстан» ғылыми-практикалық конференцияконкурсындаІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-Семейқаласы, облыстық балалар биологиялық орталығының 9 сынып оқушысы Амиргалинов Сулейман;
- Семейқаласы, облыстық балалар биологиялық орталығының 9 сынып оқушысы Киякпаева Дильназ.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Бородулиха ауданы, Жезкент орта мектебінің 8 сынып оқушысы Ильяс Диас;
- Зайсан ауданы, Х. Мұстафина ат. мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Сағибекова Шұғыла;
- Өскемен қаласы, №11 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Жуков Дмитрий.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Өскемен қаласы, Қ. Нұрғалиев ат. №43 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Курманбекова Аружан;
-Шемонаиха ауданы,Ю. Гагарин ат. №3 орта мектептің 8 сынып оқушылары Левко Лолита, Крузмягина Елена;
- Семей қаласы,дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Тохтарханов Мирас;
- Семей қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Оразғалиев Мәди;
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 8 сынып оқушысыБерікқызы Жанетта;
-.Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 10 сынып оқушыларыОразова Мақпал, Имашева Қаламқас;
- Өскемен қаласы, №15 орта мектептің 11 сынып оқушысы Тоқтарбекова Томирис;
- Риддер қаласы, көпбейінді «Шаңырақ» мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Русланов Алинур;
- Күршім ауданы, №3 гимназияның 9 сынып оқушысы Сейітбекова Ақбота;
- Тарбағатай ауданы, Қ. Біләлов ат. гимназияның 9 сынып оқушылары Айдынқызы Шырын, Нұрланқызы Назерке.














