«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жас өлкетанушы-экологтар мен натуралистердің «Менің Отаным – Қазақстан» облыстық форумы
2017 жылдың 13 қыркүйегі күні Таулы Үлбідегі «Дарын» ШҚ ӨҒПО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің Отаным - Қазақстан» жас өлкетанушы-экологтар мен натуралистердің облыстық форумы өз жұмысын бастады. Форумның ашылу салтанаты ШҚО ішкі саясат басқармасы, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Л. Краснобаеваның, ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары А.О. Байжанованың, биология ғылымдарының докторы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ проректоры А.Б. Мырзагалиеваның, «Нұр отан» партиясы мен ШҚО экология департаменті өкілдерінің қатысумен өтті. Форумға Шығыс Қазақстан аудандары мен қалаларынан 180-ге жуық 8-10 сынып оқушылары қатысуда. Бүгін балалар «Экология. Технология. Өмір» көрмесінде өз жұмыстарын ұсынды, ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысында экология, табиғатты ұтымды қолдану, жастардың экологиялық мәдениеті мәселелері талқыланды, сонымен қатар, «Эконысан. Менің кіші Отаным» сайысында бейнороликтерін ұсынды.
Ертең балаларды ғылыми-практикалық конференцияның секциялық отырыстары мен өңірдің жетекші өлкетанушы-экологтарының шеберлік кластары күтіп тұр.