Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2017 жылдың 18-28 қыркүйегі аралығында Таулы Үлбіде «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Тәрбие және білім» Ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің Отаным - Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слеті (бұдан әрі – Слет) өтетінін назарларыңызға салады.
Слеттің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің туризмін және өлкетануды дамыту, туристік икемділік және дағдыларын, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және дамыту, тарих бойынша, Шығыс Қазақстанның географиялық орналасқан жері, табиғаты және мәдениеті жөніндегі білімдерін оқып-үйрену және кеңейту, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу.
Слетқа 8-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Слет география мен тарих бойынша бағдарламаны қамтиды және үш кезеңде өтеді:
Бірінші кезең - мектепішілік іріктеу (5-6 қыркүйек, 2017 жыл).
Екінші кезең – аудандық/қалалық іріктеу (7 қыркүйек, 2017 жыл).
Үшінші кезең – облыстық (18-28 қыркүйек).
Слетке қатысушылар жеке және топтық жұмыстарды келесі бөлімдер бойынша ұсынады:
1) «Визитка» конкурсы - командалардың қатысуы;
2) «Костер жанында ән айту» конкурсы – топтық қатысу;
3) «Менің Отаным - Қазақстан» зерттеу экспедициясы бойынша жобалар конкурсы - жекеше қатысу;
4) «Discover East Kazakhstan» экспедициясы нәтижелері бойынша эссе конкурсы - жеке қатысуы;
5) Облыстың тарихи нысандары мен мәдениет нысандарын білуге арналған квест - бұл командалық ойын-жарысы;
6) «Туристік бағытты бақылау» түріндегі - кешенді топтық жарыс.
Слетке әр ауданнан/қаладан, облыстық мамандандырылған мектептерден 4 оқушы қатысады.
Төменде көрсетілген үлгі бойынша (Қосымша 1) өтінімді 2017 жылдың 8 қыркүйегіне дейін vk_daryn@mail.ruэлектронды поштасына жіберу қажет.
Сұранысқа қоса тіркеледі:
1) ұйымдастыру бойынша аудандық/қалалық мектепішілік іріктеу кезеңін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есебінің формасы:
|
Аймақ тарихын білуге арналған «Туризм және спорттық бағдарлау» ойынының викториналық сұрақтар нәтижесі Аудан/қала |
||||
|
№ |
Білім беру ұйымының атауы |
Қатысушылардың жалпы саны |
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны |
Байланыс телефоны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
|
|
||
|
2… |
|
|
||
|
Қорытынды бойынша аудан/қала: |
|
|
||
2) аудандық/қалалық кезеңін ұйымдастыру және өткізу туралы есеп:
Аудандық/қалалық - «Шығыс Қазақстан облысының үздік туристік маршрут жобасы» конкурсының нәтижелері |
||||
|
№ |
Білім беру ұйымының атауы |
Қатысушылардың жалпы саны |
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны |
Байланыс телефоны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
|
|
||
|
2… |
|
|
||
|
Қорытынды бойынша аудан/қала: |
|
|
||
|
Аудандық/қалалық конкурс жеңімпаздарының ТАӘ аты жөні және жоба тақырыптары |
||||
Қатысушылардың жиын орнына келу күні – 18 қыркүйек сағ. 10.00-де, (Спорт сарайы, Абай даңғ., 2), Таулы Үлбіден қайту күні – 28 қыркүйек сағ. 09.30-да.