Қазақстан Интернет-олимпиадалар ұйымдастыру комитеті оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін сақтау мен арттыру, дарынды балалардың оқу-танымдық әрекетін ынталандыру, оқу-тәрбие процесіндегі ақпараттық технологияларын дамыту мақсатында жаңа оқу жылында гуманитарлық және жаратылыс-математика бағытындағы пәндер бойынша 2010-2011 оқу жылында 10-тақырыптық интернет олимпиадаларын өткізетінін хабарлаймыз.
Олимпиаданың тапсырмаларын орындау уақыты 60 минут. Интернет-олимпиада Интернет желісіне барлық қалаушылар мен интернет желісіне кіруге мүмкіндігі барлар үшін өткізіледі. Тірекудің төлемі -200 теңге, ерікті түрде. Төлеуді ата-аналар, демеушілер, мұғалімдер немесе оқушылар халық банкінде, Қазпошта бөлімдерінде, Киви (ОСМП) төлеу терминалдарында жасай алады.
3-олимпиаданың қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар цифрлық фотоаппарат, флешка, ноутбук сияқты сыйлықтармен және республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына жолдамалармен марапатталады.
Алты олимпиаданың қатысушыларының қорытындысы бойынша ең жоғарғы нәтиже көрсеткен мектеп түлектеріне Қазақстан және Ресей бастаушы жоғарғы оқу орындарының гранттары беріледі.
Бірінші интернет-олимпиада Қазақстан тарихы пәні бойынша 2011 жылдың 19 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өткізіледі.
Интернет-олимпиадаларға қатысу туралы толық мәліметтерді www.cdo.kz. сайтында немесе 8 (7182)54-82-16, 55-42-76 телефондары арқылы алуға болады.