Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2017 жылдың 8-12 қыркүйегі аралығында Орталықтың Таулы Үлбідегі базасында дарынды балаларға арналған «Жас полиглот» бейіндік ауысымы (бұдан әрі – Ауысым) өткізілетінін назарларыңызға салады.
Ауысымның мақсаты: ағылшын, қазақ, орыс тілдерін үйренуге бейімділік танытатын жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларының зияткерлік, шығармашылық және танымдық қызығушылықтарын дамыту болып табылады.
Әрбір қалалық/аудандық білім бөлімінен, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім мекемелерінен ағылшын, қазақ, орыс тілдеріне қабілеті бар 8-10 сыныптардан 3 оқушы (1 қатысушы - 8 сынып, 1 қатысушы – 9 сынып, 1 қатысушы – 10 сынып) қатыса алады.
Барлық қатысушыда өзімен бірге келесілер болуы тиіс:
1. жеке бас құжатының/туу туралы куәлігінің көшірмесі;
2. эпид. орта туралы анықтама;
3. салтанатты киім (ақ-қара);
4. спорттық және күнделікті киім.
Қатысушылардың жиын орнына келуі – 8 қыркүйек сағат 10.00-де (спорт Сарайы, Абай даңғ., 2), қайту күні – 12 қыркүйек сағат 9.30-ден бастап.
Қалалық/аудандық білім бөлімдерінің, мамандандырылған білім мекемелерінің үйлестірушілері 2017 жылдың 4 қыркүйегіне дейін Ауысымға қатысуы туралы тапсырысты Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекен-жайына немесе vk_daryn@mail.ru эл. поштасына жіберу қажет.
Тапсырыс үлгісі:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Аудан/қала |
Мектеп |
Сынып |
Оқу тілі |
Байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ауысым аясында үш тілді меңгеру деңгейі бойынша олимпиада өткізіледі (қазақ, орыс, ағылшын тілдері).