Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Қазақстан-2050 ұлттық қозғалысы» Қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық келісім аясында 4 тақырыптық бағыт бойынша (жасыл энергетика, IT, модельдеу және робототехника өнертабыс өмірге пайдалы) «Оқушылар арасындағы инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы» жобасын іске асыратындығын хабарлайды.
Жобаның мақсаты – оқушының инновацияға, бағдарламалауға қызығушылығын ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін, идеяларын ашуға жағдай жасау және жүзеге асыру.
Олимпиада екі жас санаты бойынша өткізіледі: 6-8 және 9-11 сыныптар.
Барлық қатысушыларға 2017 жылдың 15 қазанына дейін олимпиаданың www.olympiad.kz2050.kz ресми сайтында тіркелу керек.
Байланыс телефондары: 8/7172/203-710, 8-701-5271988.
Қосымша: __ парақта.