Ғасырлық дәстүр мен ақыл-ой, ұқыпты да ақылды адамдар, тәртіп пен жайлылық - бұл сөздердің барлығы Ұлыбритания астанасы Лондонды сипаттағандай.
2017 жылдың 6 мен 13 тамызы күндері оқушылар арасында өткен көлік өнеркәсібі саласындағы халықаралық жобалар конкурсының іріктеу кезеңінің финалистері Лондон қаласындағы (Ұлыбритания) Cranfield University оқу-танымдық сапарына барып қайтты.
Облысымыздың оқушылары – республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары Семей қаласындағы облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы Саяқов Самат пен Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Кузнецов НикитаҰлыбританиядағы ірі жоғары оқу орындарының біріне баруға және ағылшын тілінен білімдерін жетілдіруге тамаша мүмкіндік алды.
Сапардың мақсаты: оқушылардыңәуе көлігі, оның модельдеу, бақылау жүйесі туралы біліміндерін кеңейту.
Қатысушылар үшін қауіпсіздік Институты авиациялық қауіпсіздік бойынша, сонымен қатар қазіргі заманғы жолаушылар мен әскери ұшақтарды жобалау, «Боинг» самолеттарының даму кезеңдері мен олардың басқару жүйелерінен курстар ұйымдастырды.Балалар теориямен қатар симулятор ұшақта да тәжірибеден өтті.
Франко-британдық Cranfield ғылыми-зерттеу университеті ұйымдастыруымен балалар сабақтан тыс уақытта Лондондағы Қазақстан Елшісінің қабылдауында болды. Қатысушылар Duxford, Milton Keynes қалаларын, Battle of Britain авиациялық мұражайын, Еуропадағы ең үлкен London Eyeшолу дөңгелегі мен әлемдегі аса ірі атақты Big Ben ретінде танымал Вестминстер сарайының сағат мұнарасын, Лондонның тарихи орталығы, Ұлыбританияның басты символдарының бірі, Англиядағы ең көне ғимарат болып саналатын Лондон Tауэр бекінісін тамашалады. Сонымен қатар қайықпен Темза өзені бойымен саяхат ұйымдастырылды.
Әлемдегі ең ірі қаржы, мәдени және саяси астаналардың бірі Лондон қаласы балалардың жадында ұзақ сақталады.