+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтарының «Білім – болашақ ел жетістігінің іргелі факторы» атты тамыз кеңесінің қорытындысы
16 Там, 12:02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2017 жылдың 9-10 тамызында Сүлейман Демирель университетінде (Алматы облысы, Қаскелен қ.) мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтарының «Білім – болашақ ел жетістігінің іргелі факторы» атты тамыз педагогикалық кеңесін өткізді.

Шараның мақсаты – мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында белгілеген міндеттерді іске асыру, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мамандандырылған білім беру ұйымдарының стратегиялық бағыттарын анықтау.

Тамыз педкеңесінің жұмысына қатысуға мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары және орынбасарлары, пән мұғалімдері, республиканың педагогикалық ЖОО-ның ғалымдары, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, дарынды балалармен жұмыс бойынша аймақтық ғылыми-практикалық орталықтардың өкілдері шақырылды.

Бағдарламада келесілер қарастырылды: пленарлық отырыс өткізу, педагогикалық студиялар жұмысы (директорлар қауымдастығы, пән мұғалімдері), инновациялық идеялар көрмесі (республика өңірлерінің қабырға материалдарын презентациялауы), коучинг-сессия жұмыстары, «USTAZ» кәсіби Білім беру рталығының шеберлік-кластары.

Тамыз кеңесінің педагогикалық студия жұмыстарының негізгі бағыттары:

- Қазақтанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік (жаңа мектепке-жаңа директор);

- Мұғалімнің кәсіби әлеуетіндегі басты іске асыру шарты; тұлғалық, шығармашылық және ұлттық білім беру бастамаларын жетілдіру;

- Қазақстанның жаһандық әлемдегі заманауи рухани-адамгершілік мәдениеті;

- Педагог - жаңартылған білім беру мазмұнын аясында сананы жаңғырту принциптеріндегі басты жолсерік.

Тамыз педкеңесіне ШҚО-дан 20 білім қызметкері қатысты. Педагогикалық студиялар жұмыстарында Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты директорының орынбасарлары Дюсебаев Б., Алькеева Л. баяндама жасады.

Тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды дамыту мен қолдауда қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасымен: Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты директоры Окасов Қ.Б., Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді мектеп-гимназиясының директоры А.М. Аубакирова; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрінің құрмет грамотасымен: дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты директорының орынбасары Б.Е. Дюсебаев; дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі М.К. Мұқашева, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімі А.В. Шерстобитов марапатталды.