+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
XXIV халықаралық оқушылардың «Туймаада-2017» олимпиадасының қорытындысы
25 Шіл, 11:39

XXIV халықаралық оқушылардың «Туймаада-2017» олимпиадасының қорытындысы

 

2017 жылдың 17-22 шілдесі аралығында Саха Республикасында (Якутск) ШҚО оқушылары математика, физика, химия және информатикадан XXIV халықаралық оқушылардың «Туймаада-2017» олимпиадасына қатысты.

Жарысқа Ресей, Қазақстан, Индонезия, Моңғолия, Румыния, Венгрия, Болгария мемлекеттерінің оқушылары қатысты. Біздің жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың жүлдегерлеріміз кіші лига құрамында (9 сынып) математика, химия және информатикадан өз білімдерін көрсетті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Өскемен қаласының  «Білім инновация» мамандандырылған лицейінің 9 сынып оқушысы Көпенов Нұрлыхан құрметті екінші орынды иеленді.

«Жеңіске ұмтылыс» мақтау қағазымен Өскемен қаласының «Білім инновация» мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы Ботаканов Торежан марапатталды.

 

Балаларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!