2017 жылдың 16-24 шілдесі аралығында Джокьякарта қаласында (Индонезия) 88 мемлекеттен келген оқушылар қатысқан физикадан XXXXVIII Халықаралық олимпиада (IPHO-2017) өтті. Олимпиада әрқайсысына бір күн берілген тәжірибелік және теориялық айналымдардан өткізілді. Екі айналымның қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының қоржынында екі күміс медальдар бар. Семей қаласындағы «Білім инновация» мамандандырылған лицейдің түлектері Айтказинов Шыңғыс және Увалиев Әділет жүлдегерлер атанды. Оларды жоғарғы марапаттармен құттықтаймыз! Алда табыстар тілейміз!
Физикадан XXXXVIII Халықаралық олимпиада (IPHO-2017) қорытындысы
24 Шіл, 04:50