+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Дарын» базасымен жазғы демалыс
11 Шіл, 10:52

«Дарын» базасымен жазғы демалыс

 

2017 жылдың 27 маусымы мен 7 шілдесі аралығында «Дарын» базасында «Спорт қуаты» атты тағы бір жазғы ауысым өтті. Оның мақсаты балалардың жан-жақты және спорттық дамуына жағдай жасау.

Екінші ауысым өз есігін облыстың 350-ден астам белсенді, спортқа әуесқой балаларына ашты. Ауысым бағдарламасы сан түрлі, қызықты спорттық және мәдени-ойын-сауық шалаларға толы болды.

Ауысым кезінде балалар үшін роботты техника, «Мен – инженер», «Интеллектум», бейнелеу өнері, хореография, вокал және актерлік шеберлік студиялары мен шахматтан, футболдан, волейболдан және үстел теннисінен спорттық секциялар жұмыс жасады.

Ауысымның ерекше сәті Астана күні мерейтойына орай өткізілген «Дарын» базасы мен «Зоя» жазғы сауықтыру лагері арасындағы футбол мен волейболдан матч болып, біздің команда жеңіске жетті.

Спорттық жарыстармен бірге, ауысым кезінде «Мистер және Мисс Дарын», «Караоке шоу», «Әлем ұлттарының билері» және т.б. мәдени-ойын-сауық шаралар өтті.

Астана күнін тойлау мерейтойына орай, 5 шілдеде жас дарындықтар «Астана – арман қала» атты асфальттағы балалар суреттері байқауына қатысты. Байқау халықаралық мамандандырылған «EXPO-2017» көрмесі тақырыбын қамтыды. Шара әдемі де креативті шықты. Командылық жұмыс кезінде балалар өздерінің бар таланттарын көрсетті. Сонымен қатар, мерекеге орай, біздің балалардың қатысуымен бәрін қуатты биде біріктірген «Сәлем, Астана!» флеш-мобы  ұйымдастырылды.

«Түнгі оқиғалар» балалар үшін жарқын да есте қаларлық болды. Квест ойынында олардың әрқайсысын бағыттар бойынша түнгі бағдарлау элементтері, жұмбақ және рөлдік ойындары бар сындар күтті. Балалар үшін қызықты оқиғалардың мүшесі атануға командамен сындардан өтуге мүмкіндік берілді. 

Ауысым гала-концертпен және түрлі-түсті отшашумен аяқталды. «Дарында» балалар жағымды эмоциялар мен ұзақ уақытқа сергектік қуатын алды.