Көлік саласындағы жобалардың іріктеу конкурсының қорытындысы
Астана қаласында Cranfield франко-британ зерттеу университетінің бастауымен (Лондон) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұйымдастырған көлік өнеркәсібі саласындағы халықаралық жобасы қорғалды. Қатысушылар үшін басты талап ағылшын тілін жақсы білу болды.
Осы жобаға Шығыс Қазақстан облысынан қатысуға келесі оқушыларға мүмкіндік берілді:
- Хакимов Жандос - Семей қаласының №37 гимназиясының оқушысы;
- Саяқов Самат - Семей қаласындағы облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Кузнецов Никита - Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;
- Наурызбаева Айым - Семей қаласының Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы.
Байқауда балаларды жобаны қорғаудың ерекше нысаны күтіп тұрды, Cranfield франко-британ университетінің өкілдерімен сұхбат алаңдары, қалаға, халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне саяхат жүргізілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша Саяқов Самат пен Кузнецов Никита тамыздың бірінші онкүндігінде жүзеге асырылатын Ұлыбританиядағы ірі жоғары оқу орындарының біріне бару мүмкіндігіне ие болды.
Біздің балаларға сәттілік және жетістіктер тілейміз!