+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Халықаралық зияткерлік лингвистикалық ойындардың жеңімпаздарына арналған мәдени-танымдық ауысым
05 Шіл, 09:46

Халықаралық зияткерлік лингвистикалық ойындардың жеңімпаздарына арналған мәдени-танымдық ауысым

 

Облысымыздың оқушылары – халықаралық зияткерлік пән олимпиадаларының жүлдегерлері мен жеңімпаздары Кипр аралығындағы көркем де сәулетті Паралимни қаласындағы жергілікті халықпен қарым-қатынас жасаса отырып, ағылшын тілінен білімдерін жетілдіруге тамаша мүмкіндік алды.

2017 жылдың 23 маусымы мен 7 шілденің аралығында халықаралық тілдер мектебі аясында балалар үшін кәсіби білікті британ және кипр педагогтары күнделікті ағылшын тілінен сабақтар өтеді.

Ауысым қатысушылары сабақтан бос уақыттарында Кипр аралының көне қалалары - Пафос, Лимассолқа саяхат шегіп, аралдың көне тарихы, мәдениеті, арал халықтарының ежелгі салт-дәстүрімен танысады. Айя-Напа қаласында оқушылар Лунаның онға жуық аттракциондары және аквапарктарын тамашалайды. Аты аңыз болған Протарас курорты қаласының жағажайында ұйымдастырылған белсенді демалысқа шұғылданып, велосипедпен қыдырып, футбол және теннис ойындарына қатысады, сонымен бірге Жерорта теңізінің жылы суына шомылып, рахатқа бөленеді.

Отанға оралған балалар арман аралда жаңа достармен өткізген әрбір сәтін ұзақ есте сақтары анық.