+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО командасының Х Республикалық «Бастау» турниріне лайықты қатысуы
27 Мау, 05:36

Шығыс Қазақстан облысының жас математиктері 2017 жылдың 18-23 маусымы аралығында Алматы қаласында өткен Х Республикалық «Бастау» турниріне қатысты.

Турнурдің мақсаты математикалық қабілеті айқын дарынды бастауыш сынып оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Турнирге Қазақстанның 16 өңірінен 141 оқушы (47 команда) қатысты.

Биылғы жылы турнирде Шығыс Қазақстан облысынан 2-4 сыныптардың 9 оқушысы (3 команда) бақ сынасты:

- Семей қаласының командасы (Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді мектеп-гимназия);

- Өскемен, Семей қалаларының құрама командасы (Семей қ., №6 гимназия, Өскемен қ., облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей);

- Риддер және Өскемен қалаларының құрама командасы.

Турнир  3 айналымнан тұрды:

1. «Әу баста!»(жазбаша командалық олимпиада)

2. «Асық» (ауызша командалық олимпиада)

3. «Бәйге» (ауызша жекелей олимпиада)

«Бәйге» сайысының қорытындысы бойынша:

І орынды – Семей қаласының Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы Несіпбек Әлинұр;

ІІ орынды – Семей қаласының №6 гимназиясының 2 сынып оқушысы Иманбеков Мадияр;

ІІІ орынды – Семей қаласы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Хамитханова Аяулым мен Семей қаласының №6 гимназиясының 3 сынып оқушысы Попов Вадим иеленді.

Ерекше жетістігі үшін «Дарын» РҒПО грамотасымен Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 2 сынып оқушысы Акулинин Артемий және Семей қаласының Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Туткушев Руслан марапатталды.

Барлық қатысушыларды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Табыстар мен жеңістер тілейміз!