Балалардың инженерлік-техникалық шығармашылығын дамыту, техникалық әлеуетін, конструкторлық және ойлап табу қабілеттерін анықтау мен дамыту мақсатында 2017 жылдың 19 мамырында облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында «Тілашар» облыстық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиадаға облыс қалалары мен аудандарынан «Дарынды мектеп» Кешенді жобасын жүзеге асыру аясында ашылған «Зияткер» мектепалды дайындық сыныптарының тәрбиеленушілері қатысты.
Олимпиада келесі бағыттар бойынша өтті:
- Тілашар;
- Қазақ тілі/Орыс тілі;
- Ағылшын тілі;
- Қызықты математика;
- Мен әлемді танимын;
- Легошығармашылық;
- Көркем еңбек;
- Валеология.
Қатысушылар тапсырмаларды орындау кезінде сурет салды, санады, есептер шешті, конструкциялар құрастырды, аппликациялар жасады, сөйлемдер мен суреттерді салыстырды, бояды. Балалар жыл көлемінде алған және болашақта мектепке қажетті қабілеттері мен дағдыларын қолдана білді.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 50 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломмен – 15, ІІ дәрежелі дипломмен – 15, ІІІ дәрежелі дипломмен – 20 қатысушы марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен қатар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бүлдіршін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен ұстаздарын алғашқы жетістіктерімен құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!