Ұлы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеу қарсаңында, ҚР Қарулы Күштерінің 25 жыл толуына және ҚР әуе қорғанысы күштерінің қатарына қызмет етуге алғашқы әскерге шақырылушылардың құрметіне 2017 жылдың 3 мамыры күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері департаменті бірлесіп «Шығыс Ұландары» сыныптарының Парадын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – патриоттық сезімге тәрбиелеу, жоғары әлеуметтік белсенділік пен патриотизмді қалыптастыру, өз Отанына адал болуға, Отанымыздың тарихына қатысы барлық пен мақтанышты қалыптастыру болды.
Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен қалаларының жас патриоттары өздерінің шапшаңдық пен сапқа жүру дайындығы бойынша дағдыларын көрсету үшін Өскемен қаласына келді.
Парадқа облыс әкімдігінің бастамасымен «Дарынды мектеп» кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында республика бойынша алғашқы болып 2016 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған «Шығыс Ұландары» сыныптарының 419 оқушысы қатысты. «Шығыс Ұландары» сыныптарының оқушыларымен қатар бір сапта Парадқа қатысқандар:
- дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатының 100 тәрбиеленушілері;
- халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің құрамында 20 оқушысы бар барабаншы қыздарының взводы жүріп өтті.
Парадтың музыкалық сүйемелдеуін 5518 әскери бөлімі қамтамасыз етті.
Іс-шараның өзі екі кезеңде жүргізілді: 27943 әскери бөлімінің жауынгерлері мен 5518 әскери бөлімінің кинологиялық қызмет көрсету қызметкерлері, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілері балалар үшін үлгілік өнерлерін көрсетті.
Іс-шара өңір басшыларының өкілдерінің, облыстың әлеуетті ведомствалық құрылымдарының және ата-аналар қоғамының құттықтауымен ашылды. Салтанатты шеруді Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туды көтеруші тобы бастап жүрді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туынан кейін сапта «Шығыс Ұландары» сыныптарының туы желбіреді. Келесі кезекте парадтық есептеулер мен «Шығыс Ұландары» сыныптарының оқушылары жүріп өтті. Парадтың соңы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілерінің сапта жүруімен аяқталды.
Барабаншы қыздар мен барабаншылардың взводының өтуі мерекені одан сайын көріктендіре түсті.
Бүгінгі жас ұландар іс жүзінде аға буынның ізін жалғастырушы жас ұрпақтың өсіп келе жатқанын дәлелдеді.
Жас патриоттар, Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңда!