2017 жылдың 29 сәуірінде еліміздің елордасы Астана қаласында №70 мектеп-лицей базасында оқушылардың экономикадан ХІІ республикалық турнирі өтті.
Турнир – жыл сайынғы дарынды балаларды анықтау мен дамыту, олардың –өзіндік шығармашылығын танытуға жағдай жасау, мақсатқа ұмтылған оқушыларды профиль алды дайындау және экономикалық мектеп бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатындағы Республикалық ғылыми-пратикалық «Дарын» орталығының және «Қазақстан Джуниор Эчивмент» ҚҚ бірлескен жобасы.
Турнирге бүкіл Қазақстаннан экономикаға қызығушылық танытатын 10-11 сынып оқушылары қатысты. Біздің өңірдіңкомандасын облыстық кезеңде жеңімпаз атанған, 4 қатысушы құрады.
Турнир екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезең – теориялық, қатысушылар тесттік тапсырмаларды орындады және экономикалық есептер шығарды, ал екінші кезең – тәжірибелік, қатысушылар экономика мен менеджменттің компьютерлік модельдеуін орындайтын «Титан» компьютерлік ойынына қатысты.
Оқушылардың экономикадан ХІІ республикалық турнирінің қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Өскемен қаласындағы «Бриг» жеке меншік мектебінің 11 оқушысы Медведева Александра марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғарғы жеңістер мен табыстар тілейміз!