Новости
2014 жылдың 31 қазаны мен 4 қарашасы аралығында Мәскеу қаласында өткен Халықаралық Балалар шығармашылық форумы мен әлем халықтарының мәдениеті «ПЛАНЕТА ИСКУССТВ - ЭТНОтайм» фестиваль-байқауына облыстық дарынды балаларға арналған балет мектебінің оқушылары қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы 2014 жылы 4-9 қарашада математика, физика пәндерінен 7-9 сынып оқушылары үшін Шүлбі кентіндегі "Дарын жұлдыздары" жыл бойғы оқыту-сауықтыру лагерінде облыстық бейіндік ауысым өткізді.
2014 жылдың 6-8 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Калейдоскоп инновационных идей педагогов области
06 Қар, 16:11
2014 жылдың 6 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласы, «Дарынды балалар үшін мамандандырылған №34 мектеп-лицейі» базасында республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңін өткізді.
2014 жылдың 30 қазанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыс мектептерінің 11-сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математика пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Интерактивті режимдегі – маңызды мәселелер
28 Қаз, 16:55
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, 2014 жылы 28 қазан күні өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласында «Түрлі деңгейдегі ғылыми жобалар конкурстарына оқушыларды дайындау жөніндегі ұсыныстар» тақырыбында облыстық оn-line оқыту семинарын өткізді. Семинар www.sabak.kz сайтының VKO бөлмесінде өтеді.
Дарынды оқушылардың – дарынды ұстаздары
21 Қаз, 11:29
2014 жылдың 16-17 қазаны күндері Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының басшылығымен «Алатау» шипажайында (Алматы қ.) республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы болып өтті. Конкурсқа еліміздің 200-ден астам мұғалімдері қатысты.
Облысымыздың үздік психологтары
17 Қаз, 07:04
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың 1 қазанында өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы республикалық «Үздік жыл психологы» конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Жас астронавтардың жетістіктері
15 Қаз, 10:22
Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларының астрономия, физика, космонавтикаға деген қызығушылықтарын арттыру, космос және космостық технология туралы білімдерін белсендіру мақсатында 2014 жылдың 5-12 қазан күндері «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық және сауықтыру орталығында IV Республикалық астрономиялық турнир болып өтті.
2014 жылдың 08-10 қазаны аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 7-9 сынып оқушылары арасында «Өзін- өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
АЛҒЫС ХАТ
09 Қаз, 03:37
Біз, Шаймұратов Жәнібектің ата-анасы «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы мен Шемонаиха қаласындағы №5 орта мектептің ұжымына алғысымызды білдірсек дейміз.
Қыл қалам шеберлері
08 Қаз, 09:48
«Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы» идеясын іске асыру ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы суреттен қабілеті бар оқушыларды анықтау және балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, еңбекке деген белсенділіктерін, қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында «Еңбегіміз Қазақстанның игілігіне» атты облыстық сурет байқауын өткізді.




