+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Новости
ШҚО командасы республикалық олимпиадада
2018 жылдың 15-20 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Атырау қаласындағы Х. Досмухамед атындағы Мемлекеттік Университетінің базасында жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткен республикалық олимпиадаға қатысып қайтты.
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
Республиканың барлық өңірлерінде 2018 жылдың 16 наурызында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың облыстық кезеңі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қолдауымен өткізілді.
ШҚО оқушыларының халықаралық «Жас ғалым» ғылыми конкурсына  қатысу қорытындысы
Республика мектептерінің оқушылары 2018 жылдың 26 ақпаны-2 наурызы аралығында Азияның инновациялық, көшбасшы университетінде, жоғарғы технологиялар Орталығы – Оңтүстік Корея, Дэджон қаласының Солбридж университетінде өткізілген халықаралық «Жас ғалым» ғылыми конкурсына қатысты.
Өнертапқыштық саласындағы республикалық «Шапағат» конкурсының облыстық кезеңіінің қорытындысы
Облыстың жас зерттеушілерінің өнертапқыштық қызметін насихаттау және қолдау мақсатында «Дарын» ШҚ ӨҒПО базасында 2018 жылдың 28 ақпаны-2 наурызы аралығында өнертапқыштық саласындағы республикалық «Шапағат» конкурсының облыстық кезеңі өтті.
ШҚО оқушыларының Ө. Жолдасбеков атындағы математика мен меxаникадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының xалықаралық конкурсына қатысу қорытындысы
2018 жылдың 1-3 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының окушылар командасы Алматы қаласындағы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында өткен Ө. Жолдасбеков атындағы математика мен меxаникадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының xалықаралық конкурсына қатысып қайтты.
«Орыс тілі және орыс мәдениетінің білгірлері» Республикалық байқаудың қорытындысы
2018 жылғы 26-28 ақпан аралығында Республикалық "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығының Щучинск қаласында Қазақстан Республикасының 25 оқушысы арасында «Орыс тілі және орыс мәдениетінің білгірлері» Республикалық байқауының халықаралық іріктеу кезеңі өтті.
Облыстық олимпиадалық «Leader» резерві мүшелерінің оқу-жаттығу жиынының қорытындысы
Таулы Үлбіде орналасқан «Дарын» базасында 2018 жылдың 22-27 ақпаны аралығында облыстық олимпиадалық резерв мүшелерін дайындау мақсатында оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
ШҚО оқушыларының А. Бектұров атындағы xалықаралық xимиялық олимпиадасына қатысу қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысының жас xимиктері 2018 жылдың 22-24 ақпаны аралығында Павлодар қаласында өткен А. Бектұров атындағы xалықаралық xимиялық олимпипдаға қатысты
5-6 сынып оқушыларының облыстық кешенді олимпиадасының қорытындысы
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында облыстың қалалары мен аудандарының математика мен биология жас білгірлері 2018 жылдың 20 ақпанында 5-6 сынып оқушыларының облыстық кешенді олимпиадасына қатысты.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы
Жыл сайын еліміздің ең ірі қаласы Алматыда оқушылардың ғылыми-зерттеушілік және оқу-танымдық белсенділігін ынталандыру, сонымен бірге, дарынды әрі талантты жас зерттеушілерді қолдап, іріктеу мақсатында өткізілетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында 9-11 сыныптың жас ғалымдары бас қосады.
Орыс тілі мен әдебиеті білгірлері  конкурсының қорытындысы
Әлем елдерінің бірыңғай мәдени кеңістігін қолдау және дамыту, Ресейдің мәдени мұрасымен және орыс тілімен танысу үшін 2018 жылдың 5 ақпанында Өскемен қаласындағы З. Ахметов атындағы №16 орта мектеп базасында орыс тілі мен әдебиеті білгірлерінің конкурсы болып өтті.
Экономикадан облыстық турнир қорытындысы
2018 жылы 31 қантарда Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің филиалында жыл сайынғы экономикадан республикалық турнирдің облыстық кезеңі өтті.

бiрiншiсi 1 67 68 69 70 71 122 соңғысы